Басты бет > Жастар > «Zhas MEDIA» жас журналистер мектебі жобасы жайлы не білесіз?

«Zhas MEDIA» жас журналистер мектебі жобасы жайлы не білесіз?

Түркістан  облысының журналистика саласына қызығушылығы жоғары жастардың қабілеттерін дамытуға бағытталған

«Zhas MEDIA» жас журналистер жобасының Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» өңірдегі журналистика саласына қызығушылығы жоғары жастардың қабілеттерін дамытып, жас журналистерге қолдау көрсету мақсатында «Zhas MEDIA» жас журналистер мектебі жобасын жүзеге асырып келеді.

Жоба аясында қатысушы жастар: журналистика негіздері, арнайы камера мен сахна алдында сөйлеу дағдылары, сұхбат алу тәртібі мен психологиясы, газеттер мен интернет ресурстарында мақала жазу тәртібі, сюжет дайындаудың қыр-сыры, радио журналистика мен фотожурналистика, әлеуметтік желіні тиімді пайдаланудың жолдары мен тұлғалық иммидж қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздік, блог жүргізу бағыттары бойынша тәжірибелі мамандардан дәріс алып, білімін шыңдайды.

Спикерлер қатарында: Руслан Жылқыбай («Қазақстан» телеарнасының журналисті), Дастан Баширов (ONinfo.kz сайтының редакторы), Нұршат Төкен («Айқын» газетінің ОҚО тілшісі), Мақсат Шағырбаев (фото тілшісі) бар.

«Zhas MEDIA» жас журналистер мектебі жобасының жүзеге асу кезеңі 3-ке бөлінеді: І кезең: Аудан, қалаларда журналистика саласына қызығушылығы бар 1 500 жасты оқыту. Ынтасы жоғары 150 жас іріктеліп алынады; ІІ кезең: Оқыту кезеңінде іріктеліп алынған 150 жастың қатысуымен медиа форум өткізіледі. Белсенді қатысқан 50 жас келесі кезеңге өтеді; ІІІ кезең: Соңғы кезеңге дейін жеткен 50 жас республкалық медиа форумдар мен жергілікті телеарналарда іс-тәжірибеден өтуге жолдама алып, 5 жас жұмысқа орналасады.

Жобаның нәтижесінде журналистика саласына қызығушылығы жоғары жастар саланың қажетті негіздерін үйрене отырып, қабілетілігін арттыра алады. Белсене атсалысқан жастар арнайы сертификатпен марапатталып, үздіктері аудан, қалалардағы «Жастар ресурстық орталықтарымен» бірлесе жұмыс жасап, жергілікті телеарна, басылымдарға өз жобаларын әзірлеп, ұсына алады.

Жобаға өңірдің 14-29 жас аралығындағы кез-келген жасы қатыса алады. Жалпы жыл соңына дейін 1 500 жасты қамту жоспарлануда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.