Басты бет > Жастар > «TURKISTAN – JASTAR FEST!» атты жазғы фестивалінің ашылу салтанаты өтті

«TURKISTAN – JASTAR FEST!» атты жазғы фестивалінің ашылу салтанаты өтті

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының  “Жастар ресурстық орталығы ” жазғы маусымда жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған «TURKISTAN – JASTAR FEST!» атты жазғы фестивалінің ашылу салтанатын өткізді.
Түркістан қаласы,  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің “Рәміздер алаңында” өткен шараның хэдлайнерлері ретінде жастардың ыстық ықыласына бөленіп жүрген эстраданың рэп және Q-pop жанры бойынша  өнерпаздары Зируза мен Ваller, арнайы DJ SteppaT шақырылып, көршілес Өзбекстанның астанасы Ташкенттің танымал бишілері Zlotnikov Dance Studio өкілдері өз өнерлерін ортаға салды. Тұңғыш рет Түркістан қаласы төрінде ұйымдастырылған жаздық фестиваль стилі тақырыптық, White party-ге лайықталған .  Бұл фестивалдің мақсаты,  Түркістан қаласы жастарының бос уақытын тиімді пайдалануларына жолашу. Сонымен қатар, қала бойынша төрт аумақта арнайы  алаңшалар салып Street Ball, Street Workout, Football Freestyle, Graffity, BMХ, Tricking cияқты көше мәдениетіне сәйкес спорт түрлерін дамытуға ықпал ету. Бұл алаңшалар аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері жастар игілігіне ақысыз жұмыс жасайды. Оған қоса ұлттық ойын түрлерінен (асық, ләңгі т.б) мастер класстар ұйымдастырылатын болады.