«Өндіріс орындарына арналған ғимараттың жалдау ақысын мемлекет өтеп береді»

0

Шымкент қаласында қазір 130 мыңнан аса шағын және  орта кәсіпкерлік нысаны белсенді жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 25,6 пайызға өскен. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 218,2 мың адамға жетіп, 2022 жылдан 15,2 пайызға арқанын көрсетіп тұр. Бұл туралы баспасөз брифингте қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов айтты.

Шағын және орта кәсіпкерлік бағытында өндірілген өнімнің көлемі 2023 жылдың жартыжылдығында 1,1 трлн теңгені құраған. Мұны былтырғы уақытпен салыстырғанда 32,9 пайызға артқаны байқалады.

–Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекеттік бағдарлама аясында 2023 жылға 21,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Жыл басынан бері 18,3 млрд теңгеге 3 592 жобаға қолдау көрсетілді. Биыл «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде 20,4 млрд теңге қаралып, қазіргі сәтте 3 351  жобаға 16,3 млрд теңгенің қолдауы көрсетілді. Оның ішінде 15,4 млрд теңгеге 2990 жоба бойынша банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланса, 940,6 млн теңгеге банкте несиелерді кепілдіндіруге жұмсалды, — деді Ермек Полатұлы. 

Кәсіпкерлікті дамыту жөнінде «Іскер қала» бағдарламасы аясында биыл 1,3 млрд теңге бөлінген екен. Бүгінге дейін аталған бағдарлама аясында шеңберінде 241 жобаға қолдау көрсетіліпті. Оның 215-сі шағын несиелендірілсе, 26 жобада өндірістік алаңдардың жалдау ақысын өтеп берген.

–Қаламызда инновациялық жобаны қолға алған кәсіпкерлердің бизнесін қолдау үшін жалға алынған ғимараттың ақысын мемлекет өтеп береді. Мәселен, алғашқы жылы 75 пайызын, екінші жылы – 65 пайызын, үшінші жылы – 50 пайызы субсидияланады. Осының аясында біз өндірістік орын ашуға ниеттенген кәсіпкерлерге жұмысы тоқтап тұрған орындарды ұсынып отырмыз. Мұндай мүмкіндік кәсіпкер құрылыс үшін шығындалмай, мемлекеттің ғимарат жалдауға берілетін субсидиясы арқылы аяққа тұрып, бизнесін өркендетуге жол ашады, — деді Е.Тұрманов.

Брифинг барысында спикер инвестицияға да тоқталды. Жыл басынан бері 514,3 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 122 пайызды құраған. Жыл соңына дейін тартылған инвестиция көлемі 721,7 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *