Әл-Фараби ауданы: 24 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды

0

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылып отыр. Ауданда табиғи газбен қамту 99 %, ауыз су және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100 %-ға жетті. Халық саны – 234 857 адам.

Биылғы жылы «Сәуле» шағын ауданы 276-орамда мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қазан айында аяқталды. Қазіргі таңда құжаттары дайын тұтынушылардың тұрғын үйлерін көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Ауданда биыл 9,9 шақырым 28 көшеге орташа жөндеу мен 12 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. Аудан аумағындағы 390 көшенің 124-і жарықтандырылған. 2023 жылы 8 көшені жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Ал, қалған 6 көшені жарықтандыру жұмыстары 2024 жылға өтпелі.

Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үйлер 623 аулаға біріктірілген. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2023 жылы 39 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі таңда мердігер мекемелер тарапынан 24 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары атқарылды.

Аудан аумағында 108 ашық спорт алаңшасы бар. Оның ішінде, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында биыл Береке шағын ауданы 276 орам атауы жоқ №3 көшеге және Жангелдин көшесі №14 үй ауласына ашық спорт алаңшасы орнатылып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Соңғы 3 жыл ішінде аудан аумағында 41 ашық спорт алаңшасын салынып, халық игілігіне берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *