«Құқықтық көмек» жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау өтті

0

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қайрат  Имашев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.

Сонымен қатар, қабылдауда қала прокурорының көмекшісі Ерғали Құттыбаев, Шымкент қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқарма басшысының орынбасары Ғабит Жандарбеков, Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Айнұр Исабекова қала тұрғындарына құқықтық кеңес беріп, мәселелерін тыңдады.

Қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтар негізінен әлеуметтік мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, қала тұрғыны Ж.Көлбаева банктен алған несие бойынша сұрақтарын қойса, Н.Скендирова әлеуметтік көмек алу үшін өзіне адвокат тағайындауын сұрай келген. Жеке сот орындаушылардың жұмысына наразылық білдіріп, ерекше күтімді қажет ететін жандар үшін жеңілдіктер талап еткендер де болды.

Партия филиалының төрағасы қабылдауға келген азаматтардың мәселелері бойынша жоспар түзіліп, тиісті мекемелер арқылы кезең-кезеңімен шешімі қарастырылатыны айтты. Өзекті мәселелер партия бақылауына алынып, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылады. «Құқықтық көмек» жобасының басты мақсаты – қарапайым тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың түрлі әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесу.

Аталған жоба партияның қалалық филиалында бастау алғанына 1 айға жуықтады. Б.Нарымбетов «Құқықтық көмек» өмірлік қажеттіліктен туындаған жоба екенін атап өтті. Қазіргі таңда тұрмыстық даулар, несие мәселесі, жалпы өзінің құқықтарын білмейтін азаматтар түрлі қиындықтарға тап болады. Осы орайда партия филиалында «Құқықтық көмек» және «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырылуда.

Тұрғындардың мәселелері партия филиалы, қалалық прокуратура және Полиция департаменті тарапынан бақылауда болып, заң аясында шешіледі. Екі жоба бойынша қазіргі уақытта 70-ке жуық адам келіп, көмек алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *