«Қайырымдылық керуені» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

0

Үшінші мегаполисте биыл “Қайырымдылық керуені” республикалық байқауы» 6-шы рет өтеді. Шымкент қаласы іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері дәстүрлі конкурстың басталуы бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Шымкент қаласы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Эльенора Ағабекқызы, іскер әйелдер қауымдастығының  «Жастар қанаты» көшбасшысы Карима Кошмуратова биылғы ерекшеліктерге тоқталып өтті. Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және КТК телеарнасы ұйымдастыруда.

–«Қайырымдылық керуені» конкурсы қайырымдылық істерді жүзеге асыруға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және мейірімділік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған. Осы байқау арқылы жыл сайын еліміздің дамуына қомақты үлес қосқан, батыл азаматтар мен меценаттар анықталады. Байқауға жылдан жылға қызығушылық артып келеді. Қайырлы істерді жүзеге асыратын, Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарып жүрген мейірімді әрі батыл жандарды осы жобаға қатысуға шақырамыз. Биыл 5 номинация бойынша үздіктер анықталады, —  деді Шымкент қаласы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Эльенора Ағабекқызы.

Айта кетсек, жеңімпаздар «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы» номинациялар бойынша анықталады.Байқауға қатысу үшін өтінімді 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін жіберуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *