Шымкент жастары республикалық чемпионатта үздік үштіктен көрінді

0

️Астанада қаласында бүгін « WorldSkills Kazakhstan – 2023» VIII Республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күн бойы өңірлік чемпионаттардың жеңімпаздары 30 құзырет және 7 бағыт бойынша үздік атану үшін  бақ сынады. Салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

Үшінші мегополис жастары кәсіптік және жұмысшы мамандықтарының «Worldskills» кәсіби шеберлік чемпионатына  2016 жылдан бері  қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.  Биыл шаһарымыздың намысын қорғауға 30 студент 29 құзыреттілік бойынша қатысты. Олардың ішінде электр монтаждау, бизнеске арналған ІТ шешімдер, кірпіш қалау, мобильді робототехника, мехатроника, шаштараз және т.б. құзыреттіліктер бар.

️Командалық есепте 30 құзырет бойынша 6 алтын,  2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған Абай облысының командасы көш бастады. Екінші орынды Алматы қаласының командасы иемденіп, 4 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын алған Шымкент қаласының құрамасы 29 құзырет бойынша 5 алтын, 2 қола медальді және 11 ерекше медальонді қанжығасына байлады.

I — орын иегерлері

«Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша   Индустриалды-техникалық колледжінің студенті Байшериев Жақсылық Төлегенұлы, жетекшісі – Жарылқасын Дінмұхаммед;

️«СББ станоктарында токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша: Индустриалды-техникалық колледжінің студенті Мирахимов Алексей, жетекшісі – Жумабаев Айдос; 

️«Визуальды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша:

Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенті Фазылова Жасмина Дияровна, жетекшісі – Алтынбаева Анна;

️«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенті Жайшыбек Ардақ Еркебұланқызы, жетекшісі – Бекманова Меруерт;

️«Ақпараттық кабельдік желі» құзвреттілігі бойынша:

Политехникалық колледжінің студенті Байнеев Аян Алиұлы, жетекшісі – Матиев Жарас;

III — орын иегерлері

️«Жеңіл автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Жол көлік колледжінің студенті Айтбай Өткір Хамитұлы, жетекшісі – Турсынбаев Ержан;

️«Плитка жапсыру» құзыреттілігі бойынша М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенті Асан Диас Жарасұлы, жетекшісі – Абдуллаев Ержигит.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *