Халыққа қолайлы жағдай жасау: қоғамдық көлік бағыттары оңтайландырылады

0

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрақты № 171, № 171 «А» бағыттарына қосымша кестелер қосылып, № 66 бағытының қоғамдық көліктеріне 1 ақпаннан бастап өзгерістер енгізіледі.

 Атап айтқанда, № 171 және № 171 «А» бағытындағы жолаушы ағынының артуына байланысты жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, екі бағытқа қосымша 2 кестеден (автобустар) қосылды. Бұл ретте аталған қоғамдық көліктер 12 кесте бойынша 12 минуттық интервалмен жүреді.

 Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша жолаушылар ағыны ескеріліп, № 66 қоғамдық көлік бағыты сыйымдылығы аз «Ankai» маркалы автобустардың орнына сыйымдылығы үлкен «Yutong» маркалы автобустарға алмастырылды. № 66 автобус маршруты 16 кесте бойынша 12 минуттық интервалмен қатынайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *