Форум спикерлері бірқатар нысандарды аралады

0

Бүгін Шымкентте өтіп жатқан «Арманда» форумы аясында спикерлер қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Атап айтсақ, жоба жетекшісі Арман Дәулетияров «Тең қоғам» әлеуметтік орталығында болып, ондағы келушілермен және орталықтың жұмысымен танысты.

— Орталыққа келудегі мақсатым осы жерге келуші мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, олардың өмірімен, шығармашылығымен танысып, бізде олармен бірге екендігімізді көрсету. Шымкентке бірінші рет келіп тұрмын, тұрғындардың  жылулығы, қазақ тілін құрттеп, тек қазақша сөйлейтін ұлтжандылығы ұнады. Орталықтағы бірқатар өнерпаздардың өнерімен танысып, олардың талантына тамсанумен болдым. Өмірдің қиын сәттерінде сынбай, алға қарай ұмтылып жатқандығы маған ұнады, — деді А. Дәулетияров.

Одан кейін «Жастар ресурстық орталығында» форум спикері көпшілікке Нұрлан имам есімімен таныс Нұрлан Байжігітұлы жастармен кездесті. Онда отбасындағы адалдық, сыйластық, отбасы құндылығы тақырыбында әңгіме өрбіді.

— Қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғадым. Бүгін жиынға жастардың көптеп жиналып, орын болмаса да тік тұрып тыңдағанына риза болдым. Тек отбасы жайында емес, химиялық есірткінің зияны, діндегі күнәсі, ерте жүктілік, бозбала мен бойжеткеннің қарым-қатынасы, лудомания жайында да сұрақтар болып, оларға жауап бердім. Жастарға мұндай кездесулер өте қажет, — деді Н. Байжігітұлы.

Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, жастарарға мазмұнды жауап берумен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *