Психологтардың мобильді тобы Шымкент гарнизонының бөлімдері мен радиолокациялық бөлімшелерінде аралады

0

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері (ӘҚК) Бас қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықовтың басшылығымен психологтардың мобильді тобы Шымкент гарнизонында үгіт-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол басшылық құрамның лауазымды тұлғаларына әдістемелік көмек көрсету, психологиялық тренингтер мен жаттығулар өткізу, сондай-ақ Шымкент гарнизоны әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің жеке құрамында тестілеу және сауалнама жүргізу сияқты бөлімдерден тұрды. 

Жұмыс сапасын арттыру және тестілеу нәтижелерін объективті бағалау үшін психологтардың мобильді тобының құрамы Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері, Ұлттық ұлан, Ішкі істер министрлігінің және жергілікті басқару органдарының мамандарынан құралды.  

Бөлімшелерде психологтар жеке құраммен психологиялық тестілеу, анонимді сауалнамалар, әртүрлі бағыттағы топтық тренингтер, сондай-ақ жеке психологиялық кеңестер мен әңгімелесу өткізді. 

Сонымен қатар, әскери бөлімдер мен бөлімшелердің басшылық құрамымен аутогендік жаттығу ұйымдастырылды, оның негізінде әскери қызметшілерді өз денесінің психофизикалық жағдайын жақсарту үшін өзін-өзі сендіру әдісін оқытып, сондай-ақ бағынышты жеке құрамда суицидтік бейімділік белгілерін анықтау сабақтары болды.  

Шымкент гарнизонындағы Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдері мен радиолокациялық бөлімшелерін аралау барысында Талғат Серікұлы әскери ұжымдарда салауатты моральдық-психологиялық ахуалды сақтау бойынша тәрбие жұмысын, сондай-ақ мерзімді қызмет сарбаздарымен және әскери қызметшілердің отбасыларымен әскери жоғары оқу орындарына және келісімшарттық қызметке түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жүргізді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Шымкент гарнизоны әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің тәрбие жөніндегі командирлерінің орынбасарларына және психологтарына Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысы басқармасының ақпараттық-түсіндіру тобымен жеке құраммен одан әрі психологиялық жұмысты жоспарлау туралы нақты ұсыныстар берілді. 

Айта кетсек, Шымкент гарнизонында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықов нәзік жанды жаунгерлерді алдағы мереке, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ол оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық және еңбек жолында табыс тілеп, грамоталар мен гүл шоқтарын сыйлады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *