Басты бет > Оңтүстік Қазақстан

 «СТУДЕНТТІК ЛИГА» турнирі өз дәрежесінде жоғары өткізілді

26-27 қазан күндері облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында футзалдан «СТУДЕНТТІК ЛИГА» турнирі өтті. Турнирдің мақсаты: дене шынықтыру және спортты әрі қарай бұқаралығын дамыту, патриоттық тәрбиені күшейту; жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік жауапкершілігін көтеру; жасөспірімдер мен жастарды тұрақты түрде дене тәрбиесі

Толығырақ

Іске қосылған гидро электр станция Қазығұрт ауданына қажетті электр энергиясының 5/1 бөлігін қамтып отыр

ОҚО Қазығұрт ауданында жылына 63,2млн кВт электр энергиясын өндіретін шағын гидро электр станциясы бүгінде сәтті жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда кәсіпорын Қызылқия, Қақпақ ауыл әкімдігіне қарасты төрт елді мекендерге электр қуатын шығаруды бастап, сынақ мерзімін өткізу жұмыстарын жүргізуде. Электр станциясы өндірілген өнімді Қызылсенгір елді мекенінің электр желісіне қосу үшін «Оңтүстік жарық» мекемесіне 1кВт 16,71 теңгеден электр қуатын өткізуде. (далее…)

Толығырақ

БИЫЛ ӘЛЕУМЕТТІК 116 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында осы жылы облыстық құрылыс және аудан, қала әкімдіктері тапсырыс беруші болып табылатын 209 инвестициялық жоба іске асырылуда. Аталған нысандардың 116-сы жыл соңына дейін тапсыру жоспарланса, 93 нысан келер жылға өтпелі. (далее…)

Толығырақ

Облысымыз «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруда

Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам "Өрлеу" жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады.  Енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі ұсынылатын үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнына атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипаты енгізілетін болады. Ол үшін халықты «Өрлеу» жобасына жаппай жұмылдырып, жұмыспен қамтуды қолға

Толығырақ

ОҚО әкімі «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының  төрағасы Жансейіт Түймебаев  партия филиалының бас  ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға келген өңір тұрғындары ауылдық жерлерде емхана ашуды сұраса, бір қатары білім және ғылым саласының жайын айтып, дамыту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған өңір басшысы

Толығырақ

Анталиялық кәсіпкерлер бірлескен кәсіпорындар ашуды жоспарлауда

     Түркиядағы Анталия индустриалды аймағының делегациясы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Құрамында 20-дан астам делегат бар топты аталған индустриалды аймақтың төрағасы Әли Бахар бастап жүр. Түркиялық бизнесмендердің өңірімізге іссапарының мақсаты ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларға инвестициялар тарту, осы саладағы орта және шағын бизнесті дамыту болып табылады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысып, әлеуетін бағамдауға

Толығырақ

Жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды

     Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиев тағайындалды. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың ұсынысымен, облыстық мәслихат депутаттарының келісімімен және облыс әкімінің өкімімен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына Әбдіғани Сейдуалиев тағайындалды. Ә. Сейдуалиев 1973

Толығырақ