Басты бет > ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ж. Түймебаев Германияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті. Кездесу барысында қос тарап өзара ынтымақтастық тетіктері жайын талқылап, екіжақты қатынастарды дамыту туралы пікір алмасты. Өңір басшысы Германияны  Қазақстанның Еуропадағы саяси және экономикалық әріптесі деп санайтындығын, барлық салада ынтымақтастық байланысты дамытуға ынталы екендігін жеткізді. 

Толығырақ

ӨГЕМ ӨЗЕНІНЕН ТАЗА СУ АЛУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢДЕРІ БАСТАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен түркиялық «DOGUS» Constraction компаниясы арасында «Өгем» өзенінің суын бұру мақсатында ынтымақтастық меморандумы түзілді. Енді аталған шетелдік компания өкілдері осы уағдаластық аясында тұжырымдама әзірлемек. Бұл жұмыстар 2018 жылдың қаңтарына дейін аяқталса, одан кейін жобаның техникалық экономикалық негіздемесі (ТЭН) мен жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеу жұмыстарының кезеңдері басталады.

Толығырақ

Өңірімізде ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫН БІРҚАЛЫПТЫ ҰСТАП ТҰР

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасын тұрақтандыру іс-шаралары өз нәтижесін беруде. Бүгінгі таңда облыста бағаның күрт құбылуы тіркелмеді. Өңірдегі жағдай тұрақты, азық-түліктің жетіспеушілігі байқалмайды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының мамандары хабарлады. (далее…)

Толығырақ

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІНІҢ КОМПАНИЯСЫ ОБЛЫСЫМЫЗДА ҚОҚЫС ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛУДЫ ҚАРАСТЫРУДА

Біріккен Араб Әмірлігінің «Schneider & Danzey FZC» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысынан тұрмыстық қатты заттарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт құрлысын салуға ниетті. Бұл туралы аталған компанияның басшылары Йорга Шнайдер мен Крейг Дензидің Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде мәлім болды.  (далее…)

Толығырақ

ВЕНГРИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ОҚО-ДА БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР ҚҰРУҒА НИЕТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгриядан келген бір топ делегациямен кездесті. Делегация құрамында Яс Надькун Сольнюк аймағының мәжіліс төрағасы Шандор Ковач, Венгрияның Алматыдағы бас консулы Блауманн Ференц, Венгрияның Қазақстандағы құрметті консулы Ласло Хорват бар. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени байланыстар төңірегінде әңгіме өрбітіп, пікір алмасты. (далее…)

Толығырақ

РЕКТОР ОҢТҮСТІК ЖАСТАРЫН ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қостанай облысындағы Рудный индустриялық институтының ректоры, профессор Әбдірахман Найзабековты қабылдады. Кездесуде тараптар еліміздегі білім беру жүйесі мен оған мемлекеттен жасалып жатқан қамқорлық жайын сөз етіп, осы мәселер аясында жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар туралы әңгімелесті.         Әсіресе, облыс басшысы өңіріміздегі жастарды «Серпін-2050» бағдарламасы аясында Солтүстіктегі

Толығырақ

Ж. ТҮЙМЕБАЕВ: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ПОТЕНЦИАЛЫН БАРЛЫҚ САЛАДА ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының потенциалы әлі де болса толық пайдаланылмай келеді. Бұл ретте жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын «Шаян» индустриалды аймағының тиімділігін арттырып, негізгі өндіріс ошақтарын осында шоғырландыру қажет. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің құлшынысын арттыратын тың әрі ілкімді жобалардың әзірленуіне мән берген жөн. Бұл туралы Бәйдібек ауданына іс-сапармен барып, атқарылған

Толығырақ

Жол мұраты – жету.

Жол мұраты – жету. Ал діттеген жеріңе шаршамай, қиындықсыз баруға жол бойындағы сервистік қызметтер мен инфрақұрылымдық нысандардың талапқа сай болуы зор маңызға ие. Бұл жөнінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі жол құрылысының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. «Елдің өркендеп, кемелденгенін білгің келсе, жолына қара» деген

Толығырақ

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайымның Оңтүстік Қазақстан облысының 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымының дайындық барысы туралы берген баспасөз конференциясында айтылды. Мәліметке сәйкес, облыстағы 3209 бюджеттік мекемелердің алдағы жылу маусымына дайындығы 83 пайызды құраса, бұл 2677 мекеме деген сөз. Оларға бүгінге

Толығырақ

«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫН ХАЛЫҚҚА КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРУ ҚАЖЕТ

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын іске асыру үшін 7,3 млрд. тенге бөлініп отыр.  Бұл қаражатқа 126 мың адамға шартты ақшалай көмек көрсетіліп, 27,3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.  Әзірдің өзінде облыстың барлық аудан, қалаларында 1630 отбасыға 445,0 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек беріліп, еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің 95,2 пайызы

Толығырақ