Басты бет > Ордабасы

«Шымкент арена» спорт кешені бой көтереді

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндаған есепті кездесуде мәлім етті. Оның айтуынша, Шымкент қаласындағы аумағы 427 гектарды құрайтын «Shymkent city» шағын ауданында «Шымкент арена» спорт кешені салынады. Осы жылы құрылысы басталатын бұл спорттық нысанда күрес пен атлеттер залы, сауда мен тамақтану және әкімшілік блогтары,

Толығырақ

«Ордабасы нан» — халықаралық деңгейде

Ордабасы ауданында "Ордабасы нан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи үлгідегі Түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін өндіруде. Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға , ал өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген. (далее…)

Толығырақ

ОРДАБАСЫДА — ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРІ ӘРІПТЕСТІК АЯСЫН КЕҢЕЙТПЕК!

Бүгін Ордабасы ауданы әкімі Рашид Қайыпжанов Түрік елінің кәсіпкерлерімен кездесіп, әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Нигде /Nigde/ қаласында бау-бақша саласын дөңгелетіп отырған бұл компанияның атауы "Алма-Ата" . Бүгінгі таңда өз еліндегі үздік үштіктің қатарынан табылатын бұл компания Қазақстан елінің кәсіпкерлерімен тығыз байланыс орнатып, жұмыс жүргізуде. Компания директоры Атилла Каплан ендігі кезекте

Толығырақ

ОРДАБАСЫЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАЙДЫ

 Ордабасы ауданынан 15 ардагер Астанаға аттанды. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков жолаушыларға аудан басшысының ізгі ниетін жеткізіп, ақ жол тіледі. Ордабасылық ардагерлер "Экспо-2017" халықаралық көрмесін тамашалаумен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының Бас қаладағы күндері аясындағы шараларға да қатысады.  (далее…)

Толығырақ

 «ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ»

Қазақ халқы үшін атадан балаға жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы қашанда айрықша мәнге ие. Себебі, кез келген адам алдыңғы аға буыннан көргенін көкейге түйіп өседі. Менің де құқық саласына деген қызығушылығым «Әке көрген оқ жонар...» деп қазақтың ғибратты тәмсілінде айтылғандай, әділеттің ақ туын көтерген ата жолынан бастау алады. (далее…)

Толығырақ

ІШКІ КӨЛІК ЖОЛДАРЫН ДАМЫТУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖАҚСАРТАДЫ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы аумағындағы жол-құрылыс нысандарын аралап, бүгінгі ахуалымен танысты. Ең алдымен, аймақ басшысы облыс орталығы – Шымкентті Сайрам ауданының Ақсукент ауылымен және Түлкібас ауданын қосатын негізгі транспорттық жол торабы болып табылатын Жібек жолы көшесінің қайта құру жұмыстарын көрді. Пазиков көшесінен Кіші айналма жолына дейін,

Толығырақ

Жас кәсіпкер — іс бастаса, ел игілігіне! «Кәсіпкерден 10 кеңес»

    Халық айтса, қалт айтпайды. Әрбір істің өз берекесі бар. Сол берекені өз еңбегімен тауып, мерекелі өмірде күн кешіп отырған кәсіпкерлерде бар.     Кәсіп түбі - нәсіп дейміз, ия албырт еліміздің арлан жастары да кәсіппен айналасып, ел экономикасын көтеруге өз септіктерін тигізіп жүр. Жас келсе іске дейміз! Жастықтың

Толығырақ

ӨҢІРІМІЗДЕ ШАТҚАЛ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 400 МЫҢНАН АСТАМ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Шатқал» бағдарламасы жер-жерлерде қолға алынғалы бері өңірдің аудан, қалаларында аталған бағдарлама аясында 386631 түп жасыл желек отырғызылды. Бұған бағдарлама аясында Шымкентте ашылған төрт саябаққа егілген 20 мың түптен астам ағаш көшеттерін қоссаңыз, жасыл желектердің жалпы саны 406631-ді құрайды екен. Сая беретін жапырақты ағаштарды отырғызу жұмыстарының көшбасында аудан, қалалар

Толығырақ