Басты бет > денсаулық

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН МЕМОРАНДУМ ТҮЗДІ

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев Өзбекстанның ірі медициналық мекемелерінің директорларымен меморандумға қол қойды. Басқарма басшысы көршілес мемлекетке жасаған жұмыс сапары барысында Ташкент қаласының Эндокринология республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталығының директоры, профессор Анвар Әлімовпен және Республикалық мамандандырылған педиатрия ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының директоры Дилором Ахмедовамен кездесті. (далее…)

Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨЛІМ-ЖІТІМ КӨРСЕТКІШІ 2,6 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

Түркістан облысында 2018 жылдың 10 айында жалпы өлім-жітім көрсеткіші  3,8-ді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеген. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді. (далее…)

Толығырақ

Түркістан облысында соңғы 10 айдың ішінде 2,5 мың адамнан Қан диабеті анықталған

14 қараша - әлем жұртшылығы үшін қант диабеті ауруына қарсы күрес күні. Осыған орай, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық орталық емханада "Ашық есік" күні өтуде. Қан диабеті (Сусамыр) дертімен күрес аясында, науқастар Түркістандықтар облыстан арнайы келген эндокринолог мамандардан кеңес алып, тұрғындар қандағы қант деңгейін анықтау анализін жасатуда. (далее…)

Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

 Түркістан облысында «Денсаулық фестивалі» ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Денсаулық  фестивалі – 2018» акциясы  өтті. Фестивальдің мақсаты — тұрғындардың назарын белсенді өмір сүруге аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Іс-шара таңғы сағат 08.00-де «Дені саудың — жаны сау»  ұранымен  жаттығу жасаумен  басталады. Облыс орталығы Түркістан қаласында «Рәміздер» алаңында таңғы жаттығу өтсе, сағат 09.00-ден «Есімхан»

Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Кентау қаласындағы қалалық орталық ауруханасында инсульт орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және медицина саласының ардагерлері қатысты. (далее…)

Толығырақ

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы балалар жарақатын емдеуде теңдесі жоқ тәсіл енгізді

Асар шағын ауданында орналасқан Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасындағы шұғыл жарақат бөлімшесінің ашылғанына 4 жылға жуық уақыт болған. Ауруханада заман талабына сайт жаңа иновациялық технологиялармен қатар жаңатехнологиялық медициналық қызмет түрлері енгізілген. Барлық дәрігерлер Санкт – Петербург, Мәскеу және Қорған қалаларында біліктілігін арттырады. (далее…)

Толығырақ

Муковисцидоз дертінен зардап шегетін балаларға реабилитациялық көмек көрсету үшін Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға арналған өңіраралық оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр

Бүгін ОҚО денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасында балаларда сирек кездесетін аурулардың диагностикасы мен оны емдеудің жаңа стандарттарын енгізу жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған жол картасы аясында Алматы қаласындағы «Педиатрия және балалар хирургия орталығы» мен үкіметтік емес ұйымдар, «HELP TODAY қоғамдық қоры», «Муковисцидозбен ауыратын мүгедек балалар» қоғамдық бірлестігі және «Асыл бала» қоғамдық

Толығырақ

ОҚО-дағы медициналық мекемелер биыл 100 пайыз ақпараттық жүйеге қосылады

Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысқан ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев облыстық клиникалық ауруханада болып,   адам капиталының сапасын жақсартуға бағытталған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының төртінші басымдығын іске асыру мәселелері бойынша облыстың денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесті. (далее…)

Толығырақ