Басты бет > Жастар > StartTimе ЖШС-ның бастамасымен “мектепке даярлық атты” 100 оқушыға сөмке-жабдықтар табыстау рәсімі өтті

StartTimе ЖШС-ның бастамасымен “мектепке даярлық атты” 100 оқушыға сөмке-жабдықтар табыстау рәсімі өтті

Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен “Біз Арыспен біргеміз” акциясы аясында, бүгін Арыс қаласы  Ә. Жангелдин атындағы мектепте Алматы қаласы StartTimе ЖШС-ның бастамасымен “мектепке даярлық атты” 100 оқушыға сөмке-жабдықтар табыстау рәсімі өтті.

Бұл сыйлықтар StartTime.kz порталында Арыс қаласына көмек ретінде, 625-тен аса Қазақстандықтан жиналған  2 700000 теңге қаражат есебінен жасалды. 26 маусымнан бастап StartTimе ЖШС-ның еріктілер тобы Шымкент қаласындағы эвуакуациялық пункттерде көмек көрсеткен болатын. Осы көмектен соң, қалған 1,4 млн теңге қаражатты StartTimе ЖШС-ның ұжымы Арыс қаласындағы көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке арналған сөмке,тағы басқа оқуға қажетті жабдықтар алуға жұмсау туралы шешім қабылдаған.
Сонымен қатар, арнайы демеушілер тарапынан сөмке, оқу жабдықтарымен қоса мектеп формасы да табысталды.

Игі бастаманың басы-қасында StartTime ЖШС-ның директоры Азиза Өтегенова, Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” мамандары және Арыс қаласы Білім бөлімінің басшылығы болды.