Басты бет > Жастар > «Ontustik Zhastar Fest» көше спортынан фестиваль өтті

«Ontustik Zhastar Fest» көше спортынан фестиваль өтті

2017 жылдың 30 қыркүйек күні облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Basqazhol» спорт клубы және «Эксклюзив» би тобының ұйымдастыруымен «Ontustik Zhastar Fest» көше спортынан фестиваль өтті.

«Ontustik Zhastar Fest» – көше мәдениеті мен спортын үйлестіре білген фестиваль. Бұл шара облыс тұрғындарын көше мәдениетіндегі танымал жастармен таныстыруға, қолдауға бағытталған. Фестивальдің мақсаты: аймақтағы жастар саясатын кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және талантты, бастамашыл, талантты жастарды қолдау, танымал жастар арасындағы үрдістерді біріктіру.

Бүгінгі таңда оңтүстік жастары арасында көше түрлері танымал болып келеді. Көптеген орта өкілдерінде қуатты дағдылар, таңғажайып ептілік және шығармашылық ерекшелігі бар. Шарада қатысушы өкілдер әр бағыт бойынша достық байқаулар мен мастер-класстар өткізілді.

Бір платформаға жиналған оңтүстік жастарының қазіргі заманғы рухының бірегей атмосферасын құрған ондаған би топтары, воркаут және паркур спортшылары, стритбол лигасы, ең әйгілі граффити суретшілері, қол күресшілер, скейтбордшылар, футболшылар мен музыкалық топтары бас қосып, сайысқа түсті.

Көше бағытындағы спорт түрлері мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас орнатуға, күмәнді компаниялардың, нашақорлықтың, алкоголизмнің және басқа да заңсыз әрекеттердің жағымсыз әсерінен қорғауға көмектеседі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.