Басты бет > Білім > «Ontustik ART fest» жас суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер байқауы қалай өтті?

«Ontustik ART fest» жас суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер байқауы қалай өтті?

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ontustik ART fest» жас суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілердің облыстық байқауы өтті.

Бақаудың мақсаты: облысымыздағы талантты үздік жас қол өнер, суретші, мүсінші, зергер, сәулетші, дизайнерлерді облыс деңгейінде танымалдылығын арттыру; жастар арасында өнерді кеңінен насихаттау, еңбекке деген шығармашылық қызығушылығын арттыру, креативті ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру; өнер саласында эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру; тәуелсіз жылдары егемен еліміздің жетістіктерінде елордамыз Астана қаласының орны айрықша екенін дәріптеу; туындыларын көпшілікке жария ету мүмкіндігін ұсыну арқылы жас өнерлі шығармашыл жастардың белсенділігін арттыру.

Байқауға қол өнер, суретші, мүсінші, зергер, сәулетші, дизайнер секілді номинациялар бойынша 14 пен 28 жас аралығындағы аудан, қалалардан, жоғары және орта арнаулы оқу орнындарынан 100 қатысушы жас қамтылды.

Аталмыш байқауда қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынасады: 1- кезең «Үй тапсырмасы», еркін тақырыпта туындыларын көрсетеді; 2 кезең – шығармашылық байқаудың негізгі кезеңі, Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған өнерлерін ұсынды.

Қол өнер, суретші, мүсінші, зергер, сәулетші, дизайнер секілді талантты жастардың үздік туындыларының жиынтығынан байқау соңында үздік қатысушылардан құралған кітапша (альбом) әзірлененіп, таратылды.

Шығармашылық байқау жеңімпаздарына 6 номинация бойынша (қол өнер, суретші, мүсінші, зергер, сәулетші, дизайнер) орындар белгіленіп, арнайы диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталды

Облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі көмегімен 

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.