Басты бет > Жастар > «ONTUSTIK» жастар театры өз жұмысын бастады.

«ONTUSTIK» жастар театры өз жұмысын бастады.

«Өлдік те, құрметті болдық» атты комедиялық қойылымын көрген адам қазіргі қоғамда өмір сүріп келе жатқан жастарды ата-ананың қадірі, оларды өлген соң өкініп іздемей, тірі кезінде ардақтап өтуге, күйбелең тіршілік қамымен оларды жалғыз қалдырмай, бір сәт болсын көңіл бөліп, іздегенде жанынан әр сәт табылуға, қартайған сәттерінде өмірдің бар бақыты балаларының жанында болуына мүмкіндік беруге, олардың жабырқау көңілдеріне қаяу мұң түсірмей, көрген бейнеттерінің зейнетін көрсететін секілді.

Спектакль кейіпкерлері Мәулен ата – басты кейіпкер, өзін өлдідеп, балаларына хат жазып, жаназасына кімнің келіп, кімнің келмейтінін біліп алмақшы болған шал, Айдана – Мәуленнің әйелі, Әуез – Мәуленнің досы, әрі көршісі, Сұлтан – Мәуленнің үлкен ұлы, Дастан- Мәуленнің кіші ұлы, Гулистан – Мәуленнің қызы, Шурик – жалдамалы жоқтаушы, өкіл.

Қойылым 1 сахнадан, 4 эпизодтан тұрады. Бұл қойылым осы уақытқа дейін бірнеше режиссердің сахналастыруымен көрермен назарына ұсынылған. Соның ішінде Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай музыкалық драма театрында да қойылған болатын.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.