Басты бет > Саясат > «Nur Otan» партиясы Әл- Фараби аудандық филиалының конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясы Әл- Фараби аудандық филиалының конференциясы өтті

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы бойынша 2019 жылғы 1 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін атаулы әлеметтік көмекке 1400 үміткер отбасы құжаттарын тапсырған. Жалпы аудан бойынша 7000 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVIІ конференциясында айтылды. Конференцияға БПҰ мүшелері, саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

«Nur Otan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның 18 съезінде берген тапсырмалары – «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Бақытты отбасы» жобаларды жүзеге асыру барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Құдайберген Қалдықараев баяндама жасады.

-Жалпы аудан аумағында 4834 көп балалы аналар мен 3500-ге жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасылар және 3837 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға, жетім балалар үйіне және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көп балалы аналарға арналған қайырымдылық іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. «Бақытты отбасы» жобасы аясында аудан кәсіпкерлері мен депутаттарының демеушілігімен аз қамтылған 690 отбасыға әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді, – деді әкім орынбасары.

Сондай-ақ, «Бедел» бастауыш партия ұймының белсенді мүшесі Сарыбаев Қанат және «Қамқорлық» бастауыш партия ұйымының белсенді мүшесі Ордабаева Бану сөз сөйледі.

«Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Данияр Тілеубердиев конференция жұмысын қорытындылап, партия белесенділеріне бірқатар маңызды тапсырмалар берді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша қауылы қабылданды.

Медиаон ақпарат