Басты бет > Жастар > “Nur Otan” партиясының “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында өткізіліп жатқан “Ардагерім ардағым” республикалық акциясы бойынша «Жас Отан» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен

“Nur Otan” партиясының “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында өткізіліп жатқан “Ардагерім ардағым” республикалық акциясы бойынша «Жас Отан» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен

2019 жылдың 18 сәуір күні “Nur Otan” партиясының “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында өткізіліп жатқан “Ардагерім ардағым” республикалық акциясы бойынша «Жас Отан» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен соғыс ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсету шарасы болып өтті. Осыған орай бір күн ішінде Шымкент қаласының 4 ардагерлеріне барып, атап айтқанда Самал 3 мөлектек ауданы Ойсыл-баба 26-үй Байжарқынов Қалдыбек атамызға, Самал мөлтек ауданы Б. Ермекбаев көшесі 14/11 үй Кужаназаров Тлеумбет атамызға, Қатын-көпір мөлтек ауданы Жансүгіров көшесі 61-үй Аскеров Али атамызға, Қатын-көпір мөлтек ауданы Дауылов көшесі 85-үй Төреханов Батыр атамызға белсенді жастар көктемгі аула жұмыстары мен үй шаруасына көмек көрсетті. Ардагерлер көрсетілген көмекке көңілдері толып, батасын беріп, алғыстарын білдірді. Ендігі кезекте 19 және 22 сәуір күні Шымкент қаласының Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштерді, мемориалдарды, обелискілерді, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы батырларының есімдерімен аталған көшелерді, даңғылдарды тазартуға белсенді жастармен жұмыс жүргіземіз.
«Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының консультанты Сырлыбаев Абай Сырлыбаев “Нұр Отан” партиясының “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы шарасы маңызы өте зор. Жастар қарттарды қадірлеуге, адамшылдыққа, ардагер ата-апаларымыздың көңіліне жылылық ұялататын, жақындық танытатын мереке деп есептеуіміз қажет.
”Nur Otan” партиясының “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында «Жас Отан» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының белсенділері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көктемгі аула жұмыстары мен үй шаруасына көмек көрсетті.

МедиаON ақпарат