Басты бет > Білім > «IT PARK» жас программистер мектебі жобасы аясында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз-маслихаты өтті

«IT PARK» жас программистер мектебі жобасы аясында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз-маслихаты өтті

Бүгін облыстық «Жастар ресурстық орталығында» «IT PARK» жас программистер мектебі жобасы аясында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз-маслихаты өтті.

Фото Облыстық Жастар Орталығы.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындаоблыстық «Жастар ресурстық орталығында» «IT park» мектебі ашылып, қаңтар айынан бастап, ақпараттық технологиялар саласы бойынша қызығушылығы жоғары 14-29 жас аралығындағы жастарды ақысыз оқытып, ақпараттық техологияның қыр-сырын үйретуде.

Фото Облыстық Жастар Орталығы.


Жоба бастау алғалы 700-ге жуық жас өтінім білдіріп, кезең-кезеңге бөлініп білім алуда. Жыл соңына дейін қатысушы жастардың жастардың цифрлық сауаттылығын арттырып, идеяларын жоба ретінде әзірленіп, жүзеге асыру жоспарлануда. Жобаның нәтижесінде жыл соңында 10 заманауи үздік жоба әзірленіп, іске қосылмақ.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.