Басты бет > Саясат > Internews Халықаралық ұйымы Орталық Азия елдерінің тілшілерін жинады!

Internews Халықаралық ұйымы Орталық Азия елдерінің тілшілерін жинады!

Бүгін Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы Алматы шаһары Орталық Азия елдерінің журналистерін қабылдауда. Атап айтсақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан Республикаларының қалам ұстаған қауымы Халықаралық Internews ұйымының Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілікке арналған жобасы аясында бас қосты. Жобаны қолдаушы Еуропа Одағы. Айта өтейік жиынға Шымкент қаласының атынан МедиаON ақпараттық агенттігіде қатысуда.

Жиын барысында жоғарыда аталған мемлекеттердің ынтымақтастығы мен аймақтағы тыныштық жайында сөз болды.

Журналистің ақпаратты беру тəсілдері, медиа саласындағы сауаттылықпен аймақтағы проблемалардың шешілу жолдарын қарастыру сынды күрделі мәселелер қаузаланды.

Форум 3 күн бойына жалғасатын болады. Орталық Азия елдерінің тілшілері бір-бірімен қарым-қатынасты күшейтіп, аймақ журналистерінің мәртебесін көтеру талқыланды.

Жалпы форум хайтек форматында өтіп жатыр, айта кетейік бұл формат тілшілер арасында бірінші рет өткізілуде. Дәстүрлі форматтан өзгешелігі тілшілер ойын-эксперименталды сұрақтар бойынша жауап беруде.

Сонымен қатар қауымдастық қолдаған бір-қатар жобалардың таныстырылымы мен нәтижесіде талқыланды. Бүгінгі таңда Internews ұйымы журналистердің құқықтық мәртебесін қорғап қана қоймай, тілшілер арасында жиі семинар-тренинг, конференция- тәжірибе өткізетін Халықаралық жетекші бірден-бір ұйым.

Жыл сайын аймақтағы тілшілер арасында грант өткізіліп, жеңімпаздардың жобаларына қаржылай қолдау білдіреді. Мұның барлығы Орталық Азия мемлекеттеріндегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауына өз септігін тигізуде.

Сағындық Жанысбаев