Басты бет > Саясат > Internews Орталық Азия тілшілері арасында Халықаралық Форум өткізуде

Internews Орталық Азия тілшілері арасында Халықаралық Форум өткізуде

Бүгін Internews Халықаралық ұйымы Алматы қаласында ұйымдастырып жатқан Орталық Азия елдері тілшілерінің аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілік жобасы аясында “Медианың қауіпті экстремизмдегі рөлі” сынды тақырыптарында атқарылып жатқан жобалардың таныстырылымы мен нәтижесі қорытындыланды.

Жиында сөз алған əрбір қатысушы Өңірдің əліде болсын радикализммен экстремизмнің жолын бөгеу жұмыстарын жандыру қажет екенін басты назарға алды.

Бұл салада Internews  ұйымы тілшілер тарапынан түскен өтініштерге сәйкес мақұлданған жобалардың нәтиже беріп жатқанын көрсетті.

Мысалы үшін шығармашылық тұлғаларын толғандырған мəселелер: əйел адамның үй ішіндегі рөлі, діни алауыздықтың алдын-алу жолдары, аймақтағы мемлекет аралық шиеленістер, экстремизмнің шығу жолдары, ерекше білімді қажет ететін балалардың жай-жағдайы іспеттес мəселелер талқыланды.

Бір қызығы форум эксперименталды-хайтек форматында өткізіліп жатқанын естеріңізге сала өтейін. Бүгінгі күні форумға қатысушылар əр үзіліс сайын түрлі ойындар мен байқауларға қатысты.

Автор (Сағындық Жанысбаев, МедиаON ақпараттық агенттігінің жауапты редакторы) форум аясында “Цифрлық Джедая орденін” иемденді. Айта өтейік бұл байқауға ең белсенді, критикалық- ойлау қабілеті өте жоғары журналистер өз бағын сынаған болатын. Нәтижесінде 10 тілші аталмыш орденмен марапатталды.

Сағындық Жанысбаев