«Білім саласында кілтипан көп» басқарманың алқа мәжілісі өтті

0

Бүгін Түркістан сарайында білім басқармасының алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске білім басқармасына қарасты мектеп, балабақшалар мен колледж басшылары және қала әкімінің  орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.

Жиында басқарма басшысы Нұргүл Шәмшиеваның баяндамасы тыңдалып, білім беру ұйымдарындағы оқушылар мен студенттердің  денсаулығы, білім алуы, қауіпсіздігі талқыланды. Басқарма басшысы 2023 және  2024 жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстарының  мемлекеттік мектептерде  жүргізілген кешенді мониторингтік қорытындылары туралы айтып өтті. Баяндамадан кейін қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек білім саласындағы кемшіліктерді тізіп өтіп,  кәмелетке толмағандар арасында құқық  бұзушылықтың,  суицидтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері туралы айтты. Қаралған мәселелер аясында бірқатар тапсырмалар берді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ведомствоаралық кешенді   іс-шаралар жоспарын қайта қарау ұсынылды.

Басқарма басшысы тарапынан білім беру ұйымдарындағы тәуекел тобындағы балаларға жеке психологиялық көмек көрсету, білім басқармасы жанынан жергілікті бюджет есебінен «Психологиялық қолдау орталығынын» ашуға ұсыныс енгізілді. Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған күзетпен қамту, мемлекеттік сатып алу шарттары кемінде 3 жыл мерзімге ұзарту мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы аналогты бейнебақылау жүйелерін цифрлық бейнебақылау жүйелеріне жаңарту ұсынысы жоспарға енгізілді.

«Шымкент келбеті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *