Басты бет > Саясат > «BILIMFEST» республикалық ашық есік күні

«BILIMFEST» республикалық ашық есік күні

2019 жылдың 16 қаңтар күні «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай «Жас Отан» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Bilim ortalygy» жобасы аясында  Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар  жүйесінде «BILIMFEST» республикалық ашық есік күні өтті.

Ашық есік күніндегі  бағдарламаға сәйкес «Digital talks»  диалогтық алаңы өткізіліп, облыстық білім басқармасына қарасты әдістемелік орталығының «Смарт және сандық технологиялармен қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы Күдебек Бағила Баймаханқызы, Түркістан қалалық «Глобус» балаларды дамыту орталығының директоры  Бекболатов Ғалымжан  Тәңірбергенұлы қатысып  жастарға «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын кеңінен насихаттап түсіндірді. «BILIMFEST» тақырыбындағы ашық есік күнінің жалғасы республикалық лекцияға ұласып «Педагогтардың мәртебесі» туралы заңнама қызу талқыланды. Республикалық лекцияға Түркістан қалалық  мәслихатының депутаты,  Түркістан  гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры, ұлағатты ұстаз Абпазов Айдос Кенжеханұлы қатысып «Педагогтардың мәртебесі» туралы заңнамаға қатысты өз ойын  білдірді. Педагогтардың мәртебесі жөніндегі заңнаманы талқылауда  «Нұр Отан» партиясы  Түркістан қалалық филиалының өкілі Исабеков Ануарбек Дәуленұлы да бой көрсетті. Іс-шара «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру туралы түсіндірме жұмыстарымен жалғасып, назардан тыс қалмады. «Серпін» әлеуметтік жобасын жастарға кеңінен түсіндіру үшін «Облыстық Жастар Ресурстық  орталығы» КММ «Жастарға қызмет көрсету» бөлімінің маманы Жүсіп Оспан Құдайбергенұлы баяндама жасап, «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша Түркістан облысының жастарын кең көлемде техникалық-кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз Отанымыздың аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына қатысуға шақырды. «BILIMFEST» республикалық ашық есік күнінің соңы «Made in QZ!» тақырыбындағы ұлттық музыкалық құндылығымызды дәріптеуге арналған жастардың отырысы болып, cайын даланың төсін жайлаған қазақтың күмбірлеген домбырасымен күй тартып, Түркістан жастары халық әндерін «Білім Орталығында» әуелетіп шырқады.

#turkistan #jasotanturkistanoblysy #JasOtan #bilimortalygy

Медиаон ақпарат