Басты бет > Саясат > (7) Шымкент Қаласының Экономикалық Дамуына – “Бизнеске Арналған Үкімет” Жобасы Ықпалын Тигізеді

(7) Шымкент Қаласының Экономикалық Дамуына – “Бизнеске Арналған Үкімет” Жобасы Ықпалын Тигізеді

Үшінші шаһардың әлеуметтік-экономикалық басты көрсеткіштеріне – кәсіпкерлер палатасының «SHYMKENT» ӘКК» АҚ-мен бірлесе қолған алған “Бизнеске арналған Үкімет” жобасы ықпалдасатын болады дейді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев. Бүгін қаламыздың  экономикасының дамуына сүбелі үлес қосатын жобаның тұсаукесері өтті. Шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин, қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев, “SHYMKENT” ӘКК” АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов, “Атамекен” ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев  мемлекеттік мекемелердің, қаржы институттарының, инвестициялық компаниялардың өкілдері және қала кәсіпкерлері қатысты.

 

Жобаның мақсаты – “бір терезе” қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық іс-шараларын орталықтандыру. Инвесторлар мен  кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру.  Шымкент қаласы Кәсіпкерлер Палатасының менеджерлері, “SHYMKENT» ӘКК» АҚ, “Даму” қоры, “Азаматтарға арналған Үкімет” мемлекеттік корпорациясы” АҚ және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызмет көрсетеді. Жоба алты негізгі бағытты қамтиды: мемлекеттік қызмет, қаржыландыру, өткізу, сандық қызметтер, Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері жүзеге асыратын құқықтық сүйемелдеу және құзыреттер, «SHYMKENT» ӘКК» АҚ, «ДАМУ» Қоры, ХҚКО менеджерлері және мемлекеттік органдардың қызметкерлері жүзеге асыратын құзыреттер кіреді.

– “Бизнеске арналған Үкіметте” кәсіпкерлерге барлық қажетті кеңестер мен өз жобаларын сүйемелдеуге қолдау көрсетілетін болады. Ең бастысы, бәрі ашық және қолжетімді болады. Палатаның, мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының өкілдері қызметтердің толық спектрін көрсетті, Енді бизнес үшін мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Ұсынылатын қызметтер онлайн режимде де қолжетімді, – дейді Олжас Ордабаев.

Қала әкімінің орынбасары Данат Есболұлының айтуынша, Бизнеске арналған Үкімет қала кәсіпкерлеріне үлкен қолдау болмақ. Бұған дейін Бизнес-Супермаркет ашылып, жұмысын бастаған еді. Ал енді “Үкімет” арқылы қызметтер көрсету, қолдау аймағы кеңейе түсті. Іс-шара барысында Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев қызметтер аймағын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Жиынға қатысушылар, кәсіпкерлер жобаның жұмыс істеу барысымен танысып, қызметтер аймағын аралап көрді.

Медиаон ақпарат