Басты бет > Мәдениет > (3) Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар қарқынды өтуде

(3) Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар қарқынды өтуде

Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген. Атап айтқанда қазіргі таңда «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының

«ТУҒАН ЖЕР» арнайы жобасы бойынша 6 жоба дайындалып, жүзеге асырылды.

Арнайы жобаның:«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша демеушілер мен меценаттар есебінен құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын 32 жобаны іске асыру жоспарланған.Әлеуметтік карта бойынша биыл Әлфараби ауданында – 20 ауланы жөндеп, абаттандыру, 1 бала-бақшаның құрылысы жоспарланған. Абай ауданы бойынша Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 300 млн. теңгеге 8 алаңшаның құрылысы қолға алынды. Еңбекші ауданында 43 спорт алаңшаларын жөндеу, абаттандыру, 63 ауланы ретке келтіру ісіне 1 млрд 686 млн 500 мың т. жоспарланған. Бүгінде бұл жұмыстардың 30 пайызы іске асты.Қаратау ауданындағы елдімекендерде 20 спорт алаңшаларын соғу, 43 аулаларды абаттандыру, ретке келтіру, 2 мектептің құрылысы қолға алынды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бұл жобаларға 1 млрд теңге қарастыру жоспарланған.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында (Оқушылар мен жастар арасында «Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным – тағдырым» базалық бағыттары бойынша) түрлі форматтарда 51 іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша(«Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі», «Мәдениет», «Салт-дәстүр және құндылықтар» жобалары) 42 іс-шаралар ұйымдастырылды.Киелі орындар мен ескерткіштерге QR кодтар орнатылды.

Қала тұрғындары мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында «Отырар» кітапханасынан «Kovorking» (коворкинг) орталығы ашылып, апта сайын түрлі акциялар мен конкурстар ұйымдастырылуда.

Медиаон ақпарат