Басты бет > Білім > (2) Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Шымкентте “ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!” атты іс-шара өтілді

(2) Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Шымкентте “ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!” атты іс-шара өтілді

Шырайлы Шымкент қаласының орталық «Ақмешіт» мешітінде бүгін «Жолың болсын, жас түлек» атты мектеп түлектерімен кездесу іс-шарасы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен іс-шараның ерекшелігі –

ғалым, әдебиетші, қоғам қайраткерлерімен рухани ордада кездесуінде. Шараға қоғам қайраткері, экс-мәжіліс депутаты Шалатай Мырзахметовте қатысып, өз ойымен бөлісті. Қоғам қайраткері өмірінің үлгілі сәттерін еске алып, өзінің өмірдегі, қызметтегі іс-тәжірибесін айтты. Іс-шараға қатысқан жас түлектерге сәттілік тілеп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы «Жүз жаңа оқулық» жобасымен басылған әдеби-ғылыми кітаптар сыйлады. Орталық мешітінің наиб имамы Мұхаммеджан Естеміров демалыс айларында үш айлық тегін дәрістер өтетінін хабарлады. Сонымен қатар қасиетті рамазан айында мешіт қызметкерлері 200 көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты. Рухани орданың рухани қозғалысы барлық уақытта да дамылсыз жалғаса бермек.

 

Медиаон ақпарат