Басты бет > Хабар > Өңір басшысы Отырар ауданындағы  жаңа нысандарды салтанатты түрде ашты

Өңір басшысы Отырар ауданындағы  жаңа нысандарды салтанатты түрде ашты

4
views

Отырар ауданында Түркістан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының қатысуымен зиялы қауым өкілдері, тарихшы-археологтар және сәулет, құрылыс саласы мамандарының көшпелі жиыны өтті.
Ең әуелі Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов мәртебелі меймандарға Арыстанбаб кесенесі мен «Отырартөбе» тарихи орны маңындағы абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарымен таныстырды.

«Отырар – қазақ өркениетінің алтын діңгегі» деп  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бағасын берген ауданның қатпар-қатпар қойнауында ғасырлардың бүккен сырлары мен тарихы ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап, терең ұғынуы тиіс  аманат екендігі анық.
Осы орайда өткені көнеден тамыр тартқан Отырардың күллі мұсылманға ортақ отыз мыңнан аса тарихи мұрасы жинақталған  «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» күрделі жөндеуден өтіп, туристерге қалтқысыз еңбек етуде. Аталған нысанды аралап көрген аймақ басшысы туризм саласына жан бітіруді әрі қарай да жалғастыру күннің басты міндеті екендігін жеткізді.
Жиынға қатысушылар облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Туған жерді түлету перзенттік парыз» акциясы аясында
«Біләл ата» балабақшасының салтанатты ашылуына қатысты. Отырар ауданының әкімі Е.Айтахановтың ұйымдастыруымен акцияға белсене азаматтық қолдау көрсеткен отырарлық кәсіпкер — Серік Намаев. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 100 млн. теңгеге 100 орындық балабақша салып, ел игілігіне берді. Балғын балаларды зор қуанышқа кенелткен мектепке дейінгі мекеменің лентасын салтанатты түрде облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы қиып, Отырар халқының ұйымшылдығы мен атқарған істеріне алғысын білдірді.
Сапар барысында облыс әкімі Шәуілдір ауылындағы газ тарту жүйелерінің құрылыс жұмыстарымен танысты.  Отырар ауданында ағымдағы жыл — көгілдір отынмен қамтамасыз ету жылы деп аталған. Осы мақсатта Отырар ауданының 34 елді мекенін газдандыру ісі  жоспарланса, биыл Шәуілдір және Темір ауылдарында құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес қарқынды жүруде. Сонымен қатар Ш.Қалдаяқов, Ескі Шілік, Жаңа Шілік және Ақтөбе елді мекендерін  газдандыру жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары таяуда қарқын алмақ. Ал, Сырдарияның сол жағалауындағы 12 елді мекенді газдандыруға жобалық сметалық құжатын дайындау үшін сәулет-жоспарлау жұмысы дайындалып, облыстық бюджетке ұсынылды.
Сонымен қатар облыс басшысы Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мерейлі мерекесіне тарту ретінде  Темір ауыл округінде 1 балабақша мен 1 мәдениет үйінің пайдалануға берілген іс-шараларына қатысты.
Өңір басшысы Шілік ауылындағы «Нұр Шілік» ауыл шаруашылық кооперативінің де тыныс-тіршілігімен танысты. Аталмыш кооператив сүт өңдеу ісін жолға қойып, кәсібін дамыту үшін «Ырыс» микро қаржы ұйымынан 16,0 млн теңге алған. Күніне 500 литр сүт өнімдерін дайындайтын кәсіпкерлік нысанда 300 бас сиыр, 2256 бас уақ мал, 217 бас түйе бар.
Облыс әкімі Отырар ауданына жасаған іссапарында атқарылған шаруаларға оң бағасын берді.

Медиаон ақпарат 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *