Басты бет > Хабар >  «ӨЛКЕТАНУ» ЖАСТАР ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

 «ӨЛКЕТАНУ» ЖАСТАР ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлерін жастар арасында таныту және туристік қызметті пайдаланудың мәдениетін жоғарылату мақсатында облыста «Өлкетану» атты жастар жобасы бастау алды.

Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Шымкенттегі «Ontustik Tourism Center» туристік ақпарат орталығында ОҚО Кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалары арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Аталмыш жобаға әр демалыс күндері 14-29 аралығындағы жастар қатыса алады.

Қос тарап, меморандум аясында жастарға арналған туристтік бағыттарды әзірлейді және туристтерге қызмет көрсетуге арналған тиісті кадрларды оқытады. Сонымен қатар, туристтік қызмет көрсету мәдениетін жоғарылату үшін жаппай танымдық іс-шаралар ұйымдастыру сынды жұмыстарды жүргізеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.