Басты бет > Жастар > “Өз Қазақстаныңды елестет!” Азаматтық білім беру курсы өз бастауын алды

“Өз Қазақстаныңды елестет!” Азаматтық білім беру курсы өз бастауын алды

Қызылорда қаласында – Республикадан жиналған əр өңірдің жастары”ӨЗ ҚАЗАҚСТАНЫҢДЫ ЕЛЕСТЕТ!” азаматтық білім беру курсынан өтуде.  20-27 жас аралығындағы жас азаматтар мен азаматшалар, адам/азамат құқықтары жайлы ақпарат алып, өз ара кəсіби мамандардан дəріс алуда. Аталмыш шара, 2017 жылдың қазан айының 16-20 жұлдыздары аралығында, Кызылорда шаһарында өтуде.

Алия Ортай Қатысушы: Курс өте қызықты. Мамандар өз дəрежесінде дəрістерді жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

«Өз Қазақсатныңды елестет!» – бұл деген, 5 күндік ( 9.00-18.00 дейін, және 18.00-ден кейін кешкі клубтар ұйымдастырылады) адам құқығы саласындағы мамандармен, журналистермен, қоғам қайраткерлерімен, эксперттермен болатын, интенсивті, қызықты және жалықтырмайтын тілдесу. Курс – әр қатысушыға, қоғамдағы өз ролін және мүмкіндігін, айналамыздағы әлемді өзгертетін, белсенді қоғамдық позицияның маңыздылығын түсінуге/тануға көмектеседі. Және де курс барысында, əрбір жас көшбасшы болуға ықпалын тигізетін және қандай да бір қадам жасайтын практикалық дағдыларды иеленуге мүмкіндік алуға көмектесу . Курс бағдарламасында, келесі тақырыптар бойныша жаттығулар өткізу жоспарланып отыр: «Адам-Азамат-Көшбасшы», «Жастар өзгерістер жасай алады», «Эдвокаси – қоғамдық мүддені қорғауға арналға іс-шаралар», «Эдвокасиді жүзеге асыратын істер мен дағдылар».
Курстың іріктеу конкурсына Талдықорған, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларының белсенді жастары, салалық құрылым мамандары, модераторлар мен БАҚ өкілдері қатысуда. Айта кетейік курсқа қатысу тегін. Қазіргі таңда 25 жас – өз құқығының тұжырымдамасы, демократиялық азаматтылық, қоғамдық саяси институттар жайында білімдерін шыңдау үстінде.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.