Басты бет > Мәдениет > ӘР ҚЫЗМЕТКЕРДЕН НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС ТАЛАП ЕТІЛЕДІ

ӘР ҚЫЗМЕТКЕРДЕН НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС ТАЛАП ЕТІЛЕДІ

26
views

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру — мемлекет дамуының кезекті сатысы. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, кей салалардың жұмысын жетілдіру қажеттігіне тоқталған-ды. Мемлекет басшысы цифрландыру бағдарламасының мақсаттарын түсіндіру, бюджет қаражатына бақылауды күшейту, бақылайтын мемлекеттік органдардың тарапынан шағын және орта бизнесті тексеру жұмыстарын қысқарту мәселелеріне де назар аударды. Сонымен қатар, бұған дейін қабылданған бағдарламалық құжаттарды іске асырудың және оларға бөлінген бюджет қаражатын игерудің тиімділігін арттыру қажет екенін айтты. 

Осы жиында көтерілген мәселелердің шешілу жолдары мен тапсырмалардың орындалу тетіктерін пысықтау мақсатында Ордабасы ауданы әкімдігінде кезекті актив мәжілісі өтті.
Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов цифрландыру жүйесінің жұмысын жетілдіру, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламаларының орындалуы, бюджеттің төртінші деңгейін қалыптастыру жөнінде тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдерінің жауапкершілігі арта түскенін атап өтті. Сондай-ақ, әр қызметкерден тапсырмаларды орындауда нәтижелі жұмыс талап етілетінін ескертті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *