Басты бет > Саясат > Әл-Фараби ауданы: «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» аттыжолдауын аудан көлемінде насихаттау

Әл-Фараби ауданы: «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» аттыжолдауын аудан көлемінде насихаттау

13
views

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың2018 жылғы 5 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» аттыжолдауын аудан көлемінде насихаттау үшін Әл-Фараби ауданы активімен кездесу жиыны өтті.
Жиынды Әл-Фараби ауданы әкімі Ғ.Мәуленқұлов ашып, жолдаудағы негізгі бағыттарды айқындап, талдау жасап жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау үшін бар күш жігерін салатынын айтты.
Сонымен қатар, жолдаудың 6 бағыты бойынша М.Әуезов атындағы университеттің қызметкері Асхат Ералыұлы баяндама жасап, жолдаудағы «тұрмыс сапасын арттыру» бағыты бойынша Пак Роза Викторовна педагог мәртебесі мен қазіргі таңдағы білім берудің заманауи тетіктері бойынша өз ойларын ортаға салды.
Елбасы жолдауындағы Қазақстандықтардың «өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» бағыты бойынша Ұлттық Банк ОҚО филиалы мекемесінің өкілі А.Қалназаров тұрғын үйдің қолжетімділігі және тұрғын үй ипотекалық бағдарламасымен қатар «7-20-25» бағдарламасы бойынша баяндаса, елбасы жолдауының осы бағыты бойыншасөз алған Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары Қ.Мұратов құқық қорғау органдарының жұмысы бойынша орын алатын өзгерістер мен полиция жұмысын сервистік модельге көшіру жөніндегі алдағы өзгерістермен хабардар етті.
Елбасы 2019 жыл жастар жылы деп атап өтті. Осыған орай, аудан жастарының атынан Баймырза Бекайдарұлы сөз алып: Жаны жақсы ағаның етегін баспа, жолын қу, болайын деген баланың бетін қақпа белін бу! Жастар жылы тарихта жалынды атауымен таңба болып қалуы үшін біз, жастар, білек сыбана еңбек етуіміз керек екенін айтып , аудан жастары әрқашанда қолдау білдіретінін жеткізді.
Жиын соңында Шымкент қалалық мәслихат депутаты Төреайым Жолдыбайқызы мен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі шерім Медеуұлы сөз алып жолдау еліміздің тарихи белесін бастаған өте маңызды құжат екенін атап өтіп, Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді. Осы кезеңде, әсіресе технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салаларды көтеруге ерекше көңіл бөлінбек деген пікірлерін айтып Елбасы жолдауын аудан халқы қолдайтынын жеткізді.
Жиын Әл-Фараби ауданының әкімі, аудан тұрғындары және аудандық құзырлы мекеме өкілдері, сот органы, прокуратура, ардагерлер, студент жастар, білім саласының қызметкерлері, ішкі істер қызметкерлері, имамдар, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *