Басты бет > Саясат > Әліпбек Өсербаев – Түркістанның рухани Астанамыз екендігін ұмытқан секілді!

Әліпбек Өсербаев – Түркістанның рухани Астанамыз екендігін ұмытқан секілді!

Кезінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов мырза киелі Түркістанға келген діндарлар халал үйде жатсын, халал асханадан тамақтансын және бес мезгіл намазын оқып, зират жасасын деп арнайы арзан қонақ үйді, мешітімен салдырған еді. Бүгінгі таңда, өз ұстазының жақсы дүниесінің қадірін білмей, қала әкімі Әліпбек Өсербаев мырза, алғашқыда “Зиаратшылар орталығы” қонақ үйін қалаға келген алаяқтарға жалға беріп, жалға берген қаржысын жөндеп те алалмай, кейіннен өзін- өзі ақтамады деп жауып тастағанды.

Сонда, бұрынғы 20 шақты қызметкерлердің тағдыры неге қызықтырмады? Облыс әкімі Жансейт Түймебаев мырза Түркістан  облысындағы туризм дамуының Түркістан локомотивы болады деп жүрсе, қала әкімі қонақ үйлерді көптеп ашудың орнына, жауып тастағаны халыққа түсініксіз болып тұр. Осы мәселені, Түркістанға іс сапармен барғанда, зиаратшылар қонақ үйінің бір топ бұрынғы қызметкерлері шағым жасап келген еді. Зертей келсек шынымен жабылғанын екен. Енді, бүгінгі коммуналды тарифтердің күн санап өсуіне байланысты өзін-өзі ақтамай жатса, танымайтын -білмейтін алаяқтарға мемлекеттің қыруар қаржыға салған дүниесін қолына ұстата салмай, қонақ үйдің біраз бөлмелерін, қаланың бюджетік мекемемелеріне жалға беруге болар еді. Жаны ашымағанның, басы ауырмайды деп қазақ атам дұрыс айтқан екен деген басқа айтарымыз жоқ.

Малика Абдалиева

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.