Басты бет > Жастар > Әлем чемпионы Қайрат Ералиевпен жастардың еркін форматта кездесу өтті

Әлем чемпионы Қайрат Ералиевпен жастардың еркін форматта кездесу өтті

33
views

2017 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 11:00-де Қ.Мұңатпайсов атындағы орталық стадионының бокс залында ОҚО тумасы, Бокстан Әлем чемпионы Қайрат Ералиевпен жастардың еркін форматта кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың бойына батылдық пен батырлықты, бауырмалдылық пен бәсекеге қабілеттілікті сіңдіру, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, сол заманның батырларымен таныстыру.

Кездесу аясында бокс чемпионы Қайрат Ералиев жастармен өзінің өмірлік тәжірибелері мен болашақ жоспарларымен бөлісіп, спорт сүйер жастардың көкейдегі сұрақтарына жауап берді. Айта кетейік ұйымдастырушы:  Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *