Басты бет > Жастар > «Әлемді мойындату – рухани жаңғырудан басталады» атты жастармен кездесуі өтті

«Әлемді мойындату – рухани жаңғырудан басталады» атты жастармен кездесуі өтті

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің үлкен залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызымен «Әлемді мойындату – рухани жаңғырудан басталады» атты жастармен кездесуі өтті. Елбасымыз: «Мен Қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені үсініп, байыбына барғанын қалаймын.

Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.» -деп атап өткен болатын. Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттап, жүзеге асыру мақсатында өткен кездесуде жастармен еркін сұхбат жүріп, көкейдегі көптеген сұрақтар мен пікірлер айтылып, арнайы жыр-шумақтары арналды. Шараға облысымыздың жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенді жастар, арнайы қонақтар қатысты.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.