Басты бет > Хабар > Әлемдік және дәстүрлі діндер

Әлемдік және дәстүрлі діндер

Бүгінгі күні Қазақстандағы конффесионалдық қауіпсіздікті қамтамассыз ету, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы күрес ең күрделі мәселеге айналып отыр.

Расында бүкіл әлем қазіргі кезде бейбітшілікке ұмтылуда. Бірінші кезекте соның дәлелі ретінде біздің елімізді айтуға болады. Кез келген қоғамда, соның ішінде қазақстандық қоғамда діннің маңызы ерекше екенін және жастар өмірінде оның белгілі орны бар екенін ескеруіміз керек.

Қазақстанда түрлі діни ағымдар жұмыс істейді. Бүгінгі күні мейірімділік пен татулық, моралдық нормаларына жауап беретін дұрыс бағыттағы діни ағымдарды танып, айыра білуіміз керек.  Қазіргі кезде жастарға тоталитарлық секталар үлкен қауіп төндіруде.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезінің жабылуында, Қазақстан Президенті өзінің сөзінде: «Дін атын жамылған бірлестіктер саны мен әсерінің арту проблемасына да назарларыңызды аударғым келеді. Ол барлық елдерде делік бар және негізінен әлемдегі барлық қиындықтарда арамтамақ болып отыр. Олардың көпшілігі танымал себептермен анау айтқандай қинатсыз емес идеясын насихаттайды, қайырымдылық шараларын жасағансиды, соның салдарынан тек қана азаматтық қоғамдағы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің сеніміне де селкеу түсіруі мүмкін. Біз мұндай ұйымдарға қарсы тұрып, азаматтарымызды кез келген жағымсыз ықпалдан қорғай отырып, олардың қызметіне тосқауыл қоюымыз қажет», – деген болатын.

Медиаон ақпарат