Басты бет > Саясат > ӘКІМ МИНИСТРЛІКТІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ӘКІМ МИНИСТРЛІКТІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағыновпен кездесті. Өңір басшысы күнгейдегі салынып жатқан түрлі деңгейдегі жолдардың жағдайы туралы айтып беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, басқосуда тараптар өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың сапасы жайлы әңгіме өрбітіп, оларға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың жайын талқылады.

Жауапты хатшымен болған кездесуде аймақ басшысын Халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің құрылысын салып біту мәселесі қызықтырып, Замир Садықұлынан тиісті жауаптарды алды. Сондай-ақ, отырыста Шымкент пен Сарыағаш ауданын жалғайтын «Шымкент-Сарыағаш» бағытындағы айналма жолдың жайы да жан-жақты айтылды.

“Медиаон” ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.