Басты бет > Қоғам > Әкімшіліктің әлегі – Атаулы әлеуметтік көмек пе?! Жұмысқа орналасу үшін не істеу керек?

Әкімшіліктің әлегі – Атаулы әлеуметтік көмек пе?! Жұмысқа орналасу үшін не істеу керек?

Редакциямызға Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгер қаласының тұрғыны Ахметов Ілияс Нұсратұлы екі қолға бір күрек таба алмай, отбасын аштан қалдырмас үшін, мемлекетке амалсыз атаулы әлеуметтік көмекті алуға – Төлеби аудандық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы мекемесіне өтінім беру үшін барғанын жеткізген болатын. Алайда атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін орталық қызметкерлерінің әуре-сарсаңға салатынынан бейхабар болатынмын дейді өз сөзінде.

Мәселенің мән жайын Ахметов Ілияс Нұсратұлы айтып берді.

Ахметов Ілияс Нұсратұлы:

Атаулы әлеуметтік көмекті ала – алмай жүрген отбасының азаматы

  • Айналайын мен бұл атаулы әлеуметтік көмекті алу жөнінде “Государствадан” соц помощь тағайындалатынын көршілерімнен естідім, өзім бұрындары осы орталықтан ақылы қоғамдық жұмыстар бойынша жұмыс жасадым, көше сыпырдым, тіпті охранник болып істедім, 3 ай ғана, ағаштарды әйелім еуеуміз әктедік, гүлдер отырғыздық, мұнын бәрі 1 жылда болып отыр шырағым, айлығымыз 45 000 теңгейдей болды, екеуміз 90 000 мыңмен күн көріп келдік, қызымыз мектепте оқиды, осы жылы мен орталыққа барып, әйелімнің еңбекке жарамайтынын айтып, аяғының сындырып алғанын айттым, жүре алмайды, больницаға бардық, гипста болды. Сөйтіп жұмысқа шыға алмай қалды. Ал мен әбден қажып біттім, Екі қолға бәр күрек таба алмай жүрмін, орталықтың басшысы мені охранник қылып тұрақты жұмысқа алатынын айтқан, бірақ олай жасамады, сол баяғысынша мамандығыма сайкес кемейтін жұмыстар ұсынады, ол менің көңілімнен шықпайды, менің жасым 61 де, өзің ойлашы 2 жылдан кейін мен пенсияға шығуым керек, Мән-жайымды айтсам маған басқа жұмыс жоқ, кірпіш тасы дейді. Ал өзімнің мамандығым журналист, КАЗГУУ ды бітіріп, осында “Төлеби Туы” газетінде, “Импульс Ленгер” газеттерінде бірталай жұмыстар жасадым, Кейіннен басылымдар жабылды. “Төлеби туы” газетінен штат қысқарып, шығып қалдым. Біраз жылдан бері жұмыссыз отырмын. Әйелімнің дипломы жоқ, сондықтан орталық ұсынған жұмысты істеді. Ия ол дұрыс, бірақ қазіргі таңда әйелімнің аяғы жарамайды, сондықтан соц помощқа бардым, онда Бақыт есімді бір келіншек ИП аштырыңыз, сосын перечень документтерді түгелденіз деді. Документтерді әйелім екеуміз жинадық, бірақ ИП аштырғым кемейді, менің е малым жоқ, ұстаханам жоқ, бір цехым жоқ кәсіпкер бола алмаймын, тем более 2 ақ жыл қалды пенсияға, государстваға налог төлеуі бар, маған мұның бәрі не керек?! Біздің жағдай осындай, сіздерден көмек сұрап келіп отырмыз, мұңымызды құзырлы органдарға жеткізіңіздерші.

деп түйіндеді күрсініп.

Мәселенің неге бұлай өрбегінін білмекке Төлеби ауданы Ленгер қаласында орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына барған болатынбыз. Кіре берістен адам аяғы сүрінетін кезектен әрең өтіп, анықтама бұрышына жеттік. Қарсы алған қызметкерден орталық басшысының кабинетін сұрадық, Жөн сілтеп кабинет дәлізіне барғанымызда, қызметкер – басшының орнында екенін айтты. Алайда кабинет сыртын торуылдаған мекеме инспекторлары мен хатшыларынан не мәселемен келдіңіздер? СМИ біздің районға жәйша келдіма? деген сынды сұрақтар қарша борады. Басшыдан жеке мәселе бойынша сұхбат алуымыз қажет деген жауабымызға, Қанат есімді инспектор:

Басшы орнында қазір жоқ, ауданда жиналыста деп қойып қалды.  Ал енді жеке мәселе бойынша кімнен сұхбат алсақ болады деген сауалымызға басшының хатшысы – Дүйсебаев Самат Сейілханұлына жолықсаңыздар болады деді. Есімі айтылғаны сол-ақ екен, Самат есімді инспектор барлық құжаттарды алып, бізге бағыт алды. Өзінің сұхбат беруге келгенін айтты, Кабинетін ашып, Ахметов Ілияс Нұсратұлының проблемасын тыңдады.

Дүйсебаев Самат Сейлханұлы

Төлеби аудандық жұмыспен қамту орталығының бас инспекторы

Біз бұл кісіге 2017 жылдан бері қызмет көрсетіп келеміз! Расында әйелі екеуі біздің орталық ұсынған ақылы қоғамдық жұмыстарды жасап жүрді. Бірақ осы жылдың басында бұл кісілер біздің орталыққа жұмыс іздеп келген жоқ, өздеріңіз білесіздер жыл сайын жұмыссыздарды тіркейміз, оларға бос жұмыс орындарын ұсынамыз. Бізге берілген жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша.

Жыл басында қателеспесек, ақпан айларында атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттар жинауға кіріскен еді. Бірақ біздің мекеменің тарапынан ескертіп айтқан болатынбыз. Ертең мына құжаттардың барлығын жинағанымен сіздерге біз ұсынған бос жұмыс орындарында жұмыс жасауға тура келеді, немесе кәсіппен айналысуыңыз қажет, мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, жұмыс бастаңыздар деп ұсыныс айтқынбыз. Бірақ айналысыңздар немесе ИП аштырыңыздар деп үгіттегеніміз жоқ! Бұл азамат жәрайды деді. Бізде атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін тұрмыс жағдайы жоқ, әлеуметтік әлсіз топтар өтінім бере алады. Бұл кісілер еңбекке жарамды, сондықтан заң шеңберінде кіріс көзі болуы шарт. Егерде кіріс көзі 21500 теңгеден отбасы мүшелерінің жан басына шаққанда жетпейтіні анықталса, біз заңға сүйене отырып атаулы әлеуметтік көмек тағайындаймыз. Бұл кісінің айтуы бойынша жұбайының аяғы жарамсыз екен, жақсы, бізге еңбекке жарамсыздық парағын әкеліп берсін, ал Ілияс ағайға қазір тағыда біздегі бар “ТҰРАҚТЫ” жұмыс орындарын ұсынып көрейік, Қаласа жолдамамен қазір жолдап көрейік, ары қарай жұмыс берушінің құзыретінде жұмысқа қабылдап, қабылдамуы, – деп сөзін тарқатты. 

Көз алдымызда Ахметов Ілияс Нұсратұлына “ТҰРАҚТЫ” бос жұмыс орындарының кестесі көрсетілді. Өз кезегінде редакциямызға мұңын айта келген Ілияс ағаның көзінен үміт сәулесін көргендей болдық. Таңдауы Төлеби ауданы әкімдігінің Тұрғын-үй комуналдық шарушылық бөлімі ұсынған “Мұрағатшы” бос лауазымына түсті. Жолдама толтырылып, қолына берілді.

Осы орайда орталық қызметкерлерінің қаншалықты заңды жұмыс жасап жатқанын білмекке заңгердің көмегіне жүгінге болатынбыз.

Ақтаубек Хамитбаев

Заңгер-кеңесші:

Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес 1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік көмек критерийі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін көтеріледі, яғни 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін.

Журналист: Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер ала алады?

ҚР-ның қолданыстағы заңнамысына сүйенсек, толық, толық емес, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты жағдайы төмен адамдар, жұмыс істеуге жарамды, бірақ күтімді қажет ететін мүгедек немесе қарт кісіге қарап отырған адам, тіпті екі ай бойы денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз жандар да атаулы көмек алуына болады.

Журналист: Атаулы көмектің шартты және шартсыз түрлері бар

  • Шартсыз ақшалай көмек жұмыс істеуге денсаулығы жарамайтын, мүгедек балаға, мүгедек ересек адамға қарап отырғандықтан жұмыс істей алмайтындарға беріледі.
  • Шартты ақшалай көмек жалғызбасты әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыссыз адамы бар отбасыларға беріледі. Мұндағы қойылатын шарт – уақыт өте келе жұмыссыз адамға жұмыс ұсынып, оны жұмысқа орналастырады.

Журналист: Қандай жағдайда алады?

Отбасылық табысты бөлгенде әр адамға 14 849 теңгеден төмен шықса, осы көмек түрін алуға құжат тапсыруыңызға болады. Бұл сома 1 шілдеден бастап 20 789 теңгеге дейін көтеріледі. Егер үйде екі адам болса, табысыңыз 41 578 теңгеден (20 789 теңге х 2)  аз болса, атаулы көмек алуға құқығыңыз бар.⠀

Мысалы: табыс көзі – 160 000 теңге. Төрт баланың ата-анасы болсаңыз, 160 000 / 6  сонда әр адам басына 26 666 теңге шығады. Мұндай жағдайда берілмейді.

Егер сіздің жалақыдан бөлек табысыңыз болса, ол жергілікті әкімдіктің шешімімен есепке алынады.

Отбасының атаулы әлеуметтік көмекті алуға  құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.

Отбасы құрамына мына адамдар кірмейді:

  • толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар;
  • мерзімді әскери жүрген адамдар;
  • бас бостандығынан айыру орынындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдар.

Келесі аялдамамыз Төлеби ауданы әкімдігінің Тұрғын-үй комуналдық шаруашалық бөлімі екені айдан анық.

 Мекемеге келгенімізде жылы қарсы алған бөлім басшысының орынбасары Нұрсұлтан Қожабердиев. 1 ай сынақ мерзімінде жүріп, оң нәтижие көрсеткен жағдайда Ахметов Ілияс Нұсратұлының жұмысқа орналасатынын жеткізді.

Сонымен біздің редакцияға келіп өз мұңын айтқан, құзырлы органдарға жағдайын жеткізуін сұраған Ілияс Нұсратұлы жұмысқа орналасып, атаулы әлеуметтік көмекті алатынына дән риза екендігін, ерекше қуанышпен жеткізді.

Сағындық Жанысбаев 

“МедиаON” ақпараттық агенттігінің жауапты редакторы