Басты бет > Білім > “Әзірет Сұлтан” қорық-музейі мен ардагерлер кеңесі көп балалы аналарды құттықтады

“Әзірет Сұлтан” қорық-музейі мен ардагерлер кеңесі көп балалы аналарды құттықтады

“Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Түркістан қалалық «Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Өңі нұрдан, жаны жырдан жаралған” атты мерекелік шара өтті.

Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер орталығында  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған басқосуда “Әзірет Сұлтан” қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы мен Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жарқымбек Құлбайымбетов асыл жанды аяулы жандарды төл мерекемен құттықтап, қорық-музейдегі көп балалы аналар мен мәдениет және руханият саласында жемісті еңбек етіп, зейнетке шыққан ардақты жандарды марапаттап, сыйлықтар табыс етті.
Шараға көп балалы аналар, Түркістан қаласында мәдениет, медицина, спорт және қоғамдық салаларда еңбек сіңірген зейнеткерлер, қорық-музей қызметкерлері  және ардагерлер кеңесі мүшелері қатысты.
Сондай-ақ, “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени  қорық-музейіндегі қыз-келіншектердің 2018 жылғы жетістіктері бойынша көрме қойылды.
Жиын аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Медиаон ақпарат