Басты бет > Мәдениет > «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ҰЖЫМЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІНІҢ STREET WORKOUT KZ ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ҰЖЫМЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІНІҢ STREET WORKOUT KZ ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

23
views

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен өтіп жатқан Street workout KZ бойынша эстафетаны қабылдап, қасиетті жұмадағы жұмыс күнін салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнап, бастамаға үн қосты.

Бастаманың басты мақсаты – Қазақстандағы бұқаралық спортты насихаттау болып табылады. Street Workout — бұл көшедегі жаппай спорттың қарқынды дамып келе жатқан түрі. Арнайы техниканы талап етпейді: барлығы қарапайым, ол үшін көшедегі турниктер мен арқандар жеткілікті.

Шара барысында қорық-музей директоры Нұрболат Қадырұлы Ахметжанов «Біз «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Street workout KZ акциясын қолдаймыз. Қорық-музейдің қызметкерлері бұқаралық спортпен әрдайым айналысады, бұл біздің өміріміздің дәстүрі. Бүгінгі акцияны біз өзіміздің әріптестеріміз Тараз қаласындағы «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» қорық-музейіне табыстаймыз. Жасасын спорт, жаса Қазақстан!» — деп эстафетаны Тараз қаласына жолдады.

Еске сала кетсек, «Street Workout KZ» акциясын жуырда ғана ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастап берген болатын. Арыстанбек Мұхамедиұлы жобаны өзі бастап, «Street Workout KZ» байқауын — Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке, танымал әнші Қайрат Нұртасқа, танымал қазақстандық актер Әділ Ахметовке жолдаған еді.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *