Басты бет > Хабар > “ӘЗІРЕТ СҰЛТАН” МУЗЕЙІ 2000 ДАНА РАУШАН ГҮЛІН ЕКТІ.

“ӘЗІРЕТ СҰЛТАН” МУЗЕЙІ 2000 ДАНА РАУШАН ГҮЛІН ЕКТІ.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жаппай сенбілікке шықты.

Сенбілік барысында қорық-музей аумағы мен арық-атыздар тазартылып, жол жиегіндегі ағаштар мен бордюрлер әктелді. Сонымен қатар абаттандыру,

көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жеміс-жидек ағаштары мен 2000 дана раушан гүлі  отырғызылды. Қорық-музейі ұжымы тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жиі өткізуді әдетке айналдырса, бүгінгі күннің ерекшелігі көп жылдар бойы еңбек етіп зейнетке шыққан ардагер қызметкерлер де  сенбілікке белсене атсалысты.

“Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің баспасөз қызметі 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.