Басты бет > Мәдениет > «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде «Жаңғырған керамикалық жәдігерлер» тақырыбында көрменің ашылуы өтті.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде «Жаңғырған керамикалық жәдігерлер» тақырыбында көрменің ашылуы өтті.

6
views

Атаулы көрме Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің 40 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілгендей ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраларды кеңінен насихаттау болып табылады.
Қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде халқымыздың қол өнерінен тың мағлұмат беретін жәдігерлер сақталған. Өкінішке орай мұндай тарихи құнды жәдігерлердің  біразы бүлінген, сынған, кем-кетікке ұшыраған түрде жетіп отыр. Осы бүлінген жәдігерлерді қайта жаңғыртып  өскелең ұрпаққа жеткізу реставратор мамандардың тікелей міндеті болып табылады.

    Көрмеде экспозициясында жылдар бойы Түркістан Оазисі қалаларында жүргізілген  археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылып, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қорында жинақталған 5000-нан аса тек археологиялық жәдігерлердің ішінен соңғы жылдары қайта қалпына келтірілген, экспозицияға шығарыла бермейтін жалпы саны 15 дана керамикалық жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар 2000 жж. Шербай археологиялық ескерткішінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған б.з.д. ХV-ХVІ ғғ. діни ғұрыптық түтіндеткіштерден бастап Түркістан оазисіндегі ежелгі қалалар Шауғар-Шойтөбе, Ясы-Күлтөбе,  Ескі Түркістан, Қаратөбе-Сауран,  Сидақ-ата қалалары  мен т.б. қоныстардан табылған ХV-ХVІ ғасырларға тән Түркістан өңірінде ыдыс  сәндеудің  жоғары  дәрежеде  дамығандығын көрсететін археологияда  «Тимуридтік стил»  деп  аталып  кеткен  керамикалық  ыдыстарға дейін қойылған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *