Басты бет > Саясат > ӘДЕП КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ӘДЕП КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

2019 жылғы 13 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалында тұрғындар қоғамдық қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға аудан және елді – мекендерден 10 тұрғын қатысты. Тұрғындардың сұрақтары негізінен мемлекеттік қызмет атқарудағы өзгерістерге байланысты, яғни факторлы-баллды шкала, штат қысқарту, уәкілетті органдарға мемлекеттік жұмысқа орналасу және қоғамдағы орын алып жатқан мәселелерге қатысты болды.

Ғ.Тұрсынбаев жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына заң аясында жауаптар беріп, департаменттің қызмет бағыттары бойынша кеңес беруде әрдайым ашық екенін жеткізді.

Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтарға «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатындығын айтты.

Айта кетсек, Департамент басшысының жеке қабылдауы ай-сайын +7775-8692121 нөмірімен «Skype» және «WhatsApp» бейнебайланысы арқылы өтуде.

Медиаон ақпарат