Басты бет > Мәдениет > Шымкент рухани жаңғыру: Әбділ Әзиз-Баб Кесенесі

Шымкент рухани жаңғыру: Әбділ Әзиз-Баб Кесенесі

Сәулет өнерінің таңғаларлық ескерткіші Әбділ Әзиз-Баб Кесенесі орналасқан. Осы діни құрылыстың салынуы Қарахандықтардың дәуіріне ІХ ғасырға жатады.IX-X ғасырлардың тарихи деректерінде Испиджаб (қазіргі кезде Сайрам) жоғары дәрежелі әскери бекініс ретінде аталған. Тіпті қазірдің өзінде осында белгілі Ақ Үйдің (Сайрам деген мағынасында аударылады) қалдықтарын, яғни қираған қабырғалар, бекіністерді, сонымен қатар бұрамалы сатысы мен негіздің жартылай бұзылған кіреберісі барқираған Базалақата мешітінің мұнараларын (XII ғғ.) көруге болады. Діни сәулеттің ескерткіштеріне Қарашаш ана кесенесі (XIX ғ.) және Әбділ-Әзиз-Баб кесенесі (XVI ғ.) жатады.Кесененің атауы «Ұлының құлы» деген мағынаны беретін Әбд әл-Әзиз арабша еркек адамның есімінің қазақ нұсқасы болып табылады. Әбд әл-Әзиздің ғұмырнамасы оны Мұхаммед пайғамбардың алғашқы ізбасарларына жатқызатын «Рисаль» кейінгі анонимдік шығармасында бар. Аңыз бойынша, Әбд әл-Әзиз Қ.А. Яссауиден 300 жыл бұрын тұрған, ал бұл уақыты бойынша осы аймақтағы исламның пайымдауына ұқсайды. Тарихи деректерге сәйкес 766 жылы қазіргі Қазақстанның территориясына Ысқақ баб басқарған өз еркімен келген арабтардың жасағы келді. Осы жасақтың ту көтерушісі исламды таратуда наңыз ерлікті көрсеткен Әбділ-Әзіз-Баб болды. Оның білімдігі, қайраттылығы мен Ислам ісіне берілгендігі бірден байқалған. Бәлені болдырмайтын және жаладан ақтай алатын әулие халық арасында Балегердан деп аталған. Ол тарихта осы атымен қалған.

Әбд әл Әзиз баб атындағы кесене XVI жылы тұрғызылған, ол үш бұрышты құрылыс болып табылады. Ауданы – 11 х 6 м, биіктігі – 10 м. Кесенеде үш жай бар, ортасында сыйыну жері, ал шеттерінде екі қабыр бар. Солтүстік жағында Әбд әл Әзиз мәйіті, ал екінші жағында, оның аяқ жағына қарай бағытталып Сейіт Қожахан ата жерленген.
Әбділ-Әзиз-Баб кесенесі бұл – Түркістан облысының территориясында діни ортағасырлық сәулет өнерінде құрылған дәстүрлі бетше босағалық-күмбездік құрылыстың сәулет ғимараты.
Күйілген төрт бұрышты кірпіштен салынған. Негізгі көлемге қосымша күмбезбен жабылған 2 кейінгі, әр түрлі уақытта салынған жайлар салынған. Орталықтағы негізгі бөлімі биік барабандағы күмбезбен аяқталады және П-тәрізді жақтаушасы бар сүйір терең доғалық текшесі бар мықты астаумен белгіленген. Бетше босағасының сәндік ішкі көрінісінде гипс бөліктерімен – бұрыштық фигуралық жарты бағаналарымен, жабыстырылаған архивольттың бұрама ширағымен толықтырылған бет қалауының фактурасы бар.
Зал жобасындағы ішкі көрінісіте 3 төртбұрышты жай бір-бірімен кең ойықтар арқылы қатынасады, кіреберіске қарсы орталық залда михраб орналасқан. 0,820 белгісінде бетше босағасының шет жағындағы солтүстік қасбетінде төбеге апаратын бұрама сатыға кіру бар.
Едендері кірпіштен жасалған, құм тірегінде тұр.
Өкінішке орай жылдар өте келе кесене оны безендірген оюлардың көпшілігін жоғалған, ал құрылыстың өзі жаңбыр, өрт пен соғыс әрекеттері салдарынан айтарлықтай зақымданған.
Басында салынған мазар уақыттың сынағына төзбей, құлап опырайған, XIX жылы ол қайта қалпына келтірілген, ал кейбір құрылыстар қайтадан салынған.
Осы сәулет ескерткіштің құрылысы барысында сол уақыттағы сәулет өнерінің озық әдістері пайдаланған. Әсем оюлардың, қыш тақташалы қалаудың, ағаш өрнегінің және т.б.үлгілері сақталған. Олар халық қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері болып табылады.
1996 жылы кесене қайта қалпына келтірілген, оның күмбездері ақ тақталық қаңылтырмен қапталған, ал кіреберістегі есіктер және мазардың жайлары арасындағы есіктер жаңасымен ауыстырылған.

Ұсыныс: Реставрация жасау