Басты бет > Білім > Ұлт-аспаптар оркестріне арналған «Музыкалық дәстүрді жаңғырту» семинар-кеңесі өтті

Ұлт-аспаптар оркестріне арналған «Музыкалық дәстүрді жаңғырту» семинар-кеңесі өтті

Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Музыкалық дәстүрді жаңғырту» семинар-кеңесі өтті.
Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалалардағы ұлт-аспаптар оркестрі және фольклорлық ансамбль жетекшілері мен мамандарына арналған облыстық шараның мақсаты – халық шығармашылығын дамытуда инновациялық жобалар жасап, тәжірибе алмасу.

Көпшілікке танымал «Саялы Сарыағаш» этно – фольклорлы ансамблінің «Ұлы даланың мыңжылдық мұрасы»  тақырыбындағы концертінен бастау алған семинарда Сарыағаш ауданы, Қапланбек Мәдениет үйінің директоры Қонысбек Темірбек аталған топтың шығу тарихы мен шығармашылық қоржыны және түлеп ұшқан таланттар жөнінде мәлімдеді.
Семинарға қатысушылар Шымкент саз колледжінің аға оқытушысы Рыспанбетов  Батырхан Төлеуханұлының  «Қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен фольклорлық ансамбльдердің айырмашылықтары» , М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы Мейірбеков Берікбай Бекматұлының «Отандық фольклортану ғылымының мақсаттары мен міндеттері», ҚР Мәдениет қайраткері, «Жетісай сазы» халықтық ұлт аспаптар оркестрінің дирижері Бөрі Исаның «Музыкалық  дәстүрді  жаңғырту жолындағы қазіргі ұлт аспаптар оркестрлері мен фольклорлық ансамбльдер туралы», Бәйдібек ауданы, Орынбай Тайманов атындағы Өнер және Саз мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ляззат Тажиеваның  «Қазақ оркестрі мен ансамбльдеріне үш ішекті домбыраның келуі», «Silkway» Халықаралық университетінің профессоры, ҚР мәдениет қайраткері, Ерен еңбегі үшін медлінің иегері, өнертанушы Сайлаубек  Жақсыбековтің «Қазақ ұлт аспаптар оркестрі және фольклорлық ансамбльдердегі үрмелі аспаптардың қолданылуы», Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ансамбль жетекшісі Жанат Серікбаеваның «Сайрам ауданындағы фольклорлық ансамблінің құрылу тарихы мен жетістіктері», Отырар аудандық мәдениет үйінің директоры Сағынтай Құттыбайдың «Қазақ ұлт аспаптар оркестрі және фольклорлық ансамбльдердегі жетіген мен саз сырнайдың орны » туралы баяндамаларын тыңдап, пікір алмасты.

Медиаон ақпарат