Басты бет > Қоғам > Ұлттық Кеңестің жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарының өкілдері қатысады

Ұлттық Кеңестің жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарының өкілдері қатысады

Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің құрамына жергілікті билік органдарының жанынан құрылған қоғамдық кеңестің өкілдері де шақырылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Президентінің Кеңісшісі, Ұлттық қоғамдық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Президент жарлығымен қабылданған Ұлттық кеңестің ережесінде бұл кеңестің мәжілістері мен отырыстарына Ұлттық кеңеске енген азаматтармен қатар, аймақтарда жергілікті билік жанынан құрылған қоғамдық кеңестің өкілдері де қатысатын болады»,- деді Ерлан Қарин.

Соның нәтижесінде Ұлттық кеңесте талқыланатын мәселелер жалпы республикалық көлемде, сонымен қатар, жекелеген аймақтардың көзқарасымен де талқылау мүмкіндігіне ие болатынын айтып өтті.

«Сонымен қатар, жұмыс топтары өз жұмысы барысында жекелеген тақырыптар бойынша арнайы көшпелі отырыстарды белгілі бір аймақтарда да өткізу қарастырылған. Сондықтан аймақтың өкілдері Ұлттық кеңестің жұмысына барынша кеңірек тартылатын болады», – деді Ұлттық қоғамдық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин.