Басты бет > Хабар > Ұлттық  және  дін  салаларындағы   құқықтармен  бостандықтар 

Ұлттық  және  дін  салаларындағы   құқықтармен  бостандықтар 

Әрбір  адам  сыйқұрметпен  мойындауға  және  дербес  оймен  әрекет  құқықтығына  лайықты. Заң  әрекеттерінің  қолдану  кезінде  ( мысалы: куәландыру,  сұрыптау,  тінту,  сұраққа  жауап  алу,  беттестіру,  корреспонденсия алу,   ұстау,  тұтқындау  секілді  басқа  түрлі  тергеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында)  адамның  қадір қасиеттіне  қол  сұғылмауы  жөніндегі  міндет  Конституцияда  қатаң  көрсетілген.

Қинауға,күш  қолдануға,  басқада  қатал  не  адамның  қадір  қасиеттін  корлайтын  қатынаспен  жазаға  тыиым  салынады. Заң  адамның  қадір-қасиетін,  ар ожданын  қорғау  мүмкіндіктерін  белгілейді. Мысалы, Қазақстан   Республикасының  Қылмыстық  кодекісінің  347-1 бабына  сәикес  тергеушінің,  анықтауды  жүргізуші  адамның  немесе  өзге  лауазымды  адамның   мәліметтер  алу  немесе  мойындату,  не  оны  жасаған  немесе  жасады  деп   күдік  келтірілген  іс  әрекет  үшін  жазалау,  сондай  ақ  оны  немесе  үшінші  адамды  кез  келген  сипаттағы  кемсітуге  негізделген  кез  келген  себеп  бойынша  қорқыту  немесе  мәжбүр  ету  мақсатымен  әдейі  тән  немесе  психикалық  зардап  шектіруіне  жол  берілмейді.  Егер  сол  әрекет  жәбірленушінің  денсаулығына  ауыр  сиян   келтірсе  немесе  абайсызда  адам  өліміне  апарып  соқса,  онда  оны  3 жылға  дейінгі  мерзімге  белгілі  бір лауазымдарды  атқару  немесе  белгілі  бір  қызыметтерді  атқару  құқығынан  айыра  отырып,  5 жылдан 10 жылғы  мерзімге  бас  бостандығынан  айыруға  жазаланады .

Ұлттық  және  дінй  салалардағы   құқықтармен  бостандықтар  және  олардың  кепілдіктері : “Біз,  ортақ  тарихи  тағдыр  біріктірген  Қазақстан  халқы”  деген  конституциялық  тұжырымен  айшықталған- көп  ұлтты,  саясии алуан  түрлі  және  көп  конфессияланған  қазақстандық  қоғамдағы    адам  жағдайына  бейнелейді   ұлттық,  партиялық  немесе  діни  болмысты анықтау – ол адамның  өз-өзіне  іштей  ұқсастыруының  нәтижесі.  Мысалы,  төл  құжат  жеке  басты  куәләндыратын  және  Қазақстан  Республикасының   азаматтығын  анықтаитын  басты  құжат  болып  табылады. Төл  құжатта  азаматтың  ұлтты  оның  иесінің  еркі  бойынша  көрсетіледі. Әркім  өзінің   қай  ұлттқа,  қай  партияға  жіне  қай  дінге  жататынын  өзі  анықтауға  және  оны  көрсету  көрсетпеуге  хақылы.  әркімнің  ана  тілімен  төл  мәдиниетін  пайдалануға,  қарым-қатынас, тәрбие  және  шығармашылық  тілін  еркін  таңдап  алуға  құқығы  бар. Дегенмен,  ұлттық   белгін  жеке  адамның  заң  мәртебесімен  алу  ұлттаралық  қатынас  сияқты  аса  маңызды  саладағы  оның  рөлін  төмендету  емес. Тіл  мен  дінің  қызымет  етуі,  өз  мәдениетін  толық  қанды  пайдалану,  ұлттық  және  рулық  болмысындағы  белгілер  боиынша  кемсітушілікпен  күрес  мәселелері  мемлекетте  қолданылатын  заңдармен  егжей – тегжейлі  реттелген, ұлттық-мәдени  орталықтары  және  Республика  Президенті  жанындағы  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы,  сондай  ақ  әртүрлі  қоғамдық  бірлестікткһерді  қоса  алғанда  мемлекеттік  органдардың  тұрақты  назарында.

Медиаон ақпарат