Басты бет > Саясат > Үшінші шаһарда 700 адамдық диагностикалық орталық салынады!

Үшінші шаһарда 700 адамдық диагностикалық орталық салынады!

Еліміздің үшінші шаһарында 1000 ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА және  700 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАТЫН БОЛАДЫ.

Шаһар басшысы Ғ.Әбдірахымов аталған ірі жобаны қаржыландырып отырған инвесторлармен кездеіп, кездесу барысында бұл жоба Үкімет тарапынан бекітілген ірі жобалардың бірі екенін айты, оны жүзеге асыру үшін әкімдік барынша қолдау көрсететінінде жеткізді.

Жобаға әкімдік тарапынан 150 гектар жер беріліп, сәулеттік-құрылыс жобасы бекітілді. Нысанның құрылыс жұмыстары тамыз айында басталатын болады.

Жоба құны 180 млн. АҚШ долларын құрады. Оның 15 % жергілікті жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен қаржыландырса, қалған 80 пайызы инвестордың есебінен болмақ.

Жоба бойынша аурухана 6 ғимараттан тұрады. Оның ішінде, хирургиялық, терапиялық және ана мен бала орталығы, патологоанатомиялық бюро және сот-медициналық сараптама бюросы мен жедел медициналық және санитарлық-авиациялық көмек орталығы науқастарға жоғары деңгейде көмек көрсететін болады.

Медиаон ақпарат