Басты бет > Хабар > Қ.Тоқаевтың жолдауы Қазақстанды жаңа жетістіктерге жетелейді!

Қ.Тоқаевтың жолдауы Қазақстанды жаңа жетістіктерге жетелейді!

Тәуелсіз Қазақстан тарихында Президенттің халыққа арналған 24-ші Жолдауы, ал Қ.К. Тоқаевтың Президент ретіндегі алғашқы Жолдауы жарияланды. Бұл Жолдаудан жақын қабылдаған жағдай, ол күшті Президент – Ықпалды Парламент, есепті Үкімет институты арқылы мемлекеттік аппаратты жаңғыртуды қолға алу мәселесі болды. Мұның заңдық мағынасы келесіден көруге болады: мықты Президент бұл әрқашанда күшті атқарушы биліктің негізі болып келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 40 бабына сәйкес, Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы негізгі саяси бағыт-бағдарын анықтайтын Қазақстанды ел ішінде және де халықаралық қатынастарда танытатын, сондай-ақ, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп, үйлесімді жұмыс істеуін және де билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін   қамтамасыз ететін ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ықпалды Праламент дегеніміз халықтың сенім артып сайлаған депуттарынан құралған заң шығарушы органның беделді болуы. Кез-келген қоғамдық немесе мемлекеттік мәселелерді көпшіліктің талқылауымен барып шешім қабылдайтын мұндай органның әрқашанда халықпен жақын болғаны дұрыс. Біз, яғни, қазақстандықтардың көпшілігі өзіміздің Парламентте отырған өкілдерімізді білмейтіндігіміз жасырын емес.

Медиаон ақпарат